Ыдыс жуатын губканың қауіптілігі неде?

Ыдыс жууға арналған губкалар – бұл үй иесі пайдаланатын қарапайым шүберектердің “технологиялық жетілдірілген” формасы. Кеуекті материалдан (поролоннан, микрофибрадан және т.б.) жасалады. Губканың ыңғайлылығы ол өзінде жуу құралын жақсы ұстап тұра алады, бұл оны үнемді жұмсауға мүмкіндік береді, бірақ көптеген ас үй губкалары жоғары ылғалдылыққа және тамақ қалдықтарының болуына байланысты бактерияларды көбейту үшін тамаша орта болып табылатындығын көпшілігі білмеуі мүмкін. Губка құрамында 350-ден астам бактериялар болуы мүмкін, губканы үнемі қолданғанда адамда қауіпті аурулар тудыруы мүмкін. Тексеру кезінде губканың 86% —  зең мен ашытқы, ал 18% – стафилококкты бактериялар табылған. Сондай — ақ, асүйдегі батырмалар мен плиталардың тұтқаларының үстінде 27% жағдайда зең, 14% – да колиформды бактериялар табылған. Өйткені, асүй губкасының 2,5 сантиметрінде шамамен 10 миллион бактерия бар. Сонымен, микробтар, негізінен, губканың бетінде, сондай-ақ оған іргелес жатқан жерлерінде орналасқан.

Ал, сіз ас үй губкасы унитаз орындығымен салыстырғанда 200 мың есе лас болуы мүмкін екенін білдіңіз бе?!

Сондай-ақ, қысқа толқынды пеште губканы қыздыру немесе суға қайнату проблеманы шешпейді. Керісінше, бұндай манипуляциялар зиянды микроорганизмдердің көбеюіне әкеліп соғуы мүмкін. Мүмкін, бұл патогенді ағзалардың төзімділігінен және тұрақсыз бактериялардың өлуінен, олардың саны тез артатындықтан болады. Тұрмыста губканы толығымен дезинфекциялау қиын.

Ғалымдардың айтуынша, инфекцияның таралу көзі – раковиналар, тамаққа пайдаланатын тақтайлар, үстелшелер, қоқыс шелектері, сүлгілер, шүберектер, губкалар, тоңазытқыштар, миксерлер, ет тартқыштар, блендерлер мен комбайндар.

Инфекциялардың пайда болуының алдын алу үшін тамақ дайындау алдында және одан кейін қолды жууға, сатып алынған сөмкені үстелге қою әдетінен бас тартуға, әр түрлі өңдеу тақтайларын пайдалануға, тоңазытқышты үнемі жууға және ыдыс жууға арналған губканы апта сайын ауыстыру сияқты іс-шаралар  көмектеседі.