Тырнақтардағы саңырауқұлақтар туралы не білуіңіз керек?

“Тырнақ саңырауқұлақтары (онихомикоз)”, көптеген адамдар қиындықтар мен қобалжулар әкелетін бұл жұқпалы ауру туралы жақсы біледі. Статистикаға сүйенсек, жердің әрбір төртінші тұрғыны бұл аурудан зардап шегеді. Онихомикоз әйелдер мен ерлер арасында да жиі кездеседі. Бұл ауруды емдеу күнен күнге күрделене түсуде, өйткені саңырауқұлақтардың жаңа түрлері пайда болады және оларда дәрі-дәрмектердің әртүрлі формаларына деген жүйелі тұрақтылығы пайда болады. Бұл аурудың қауіптілігі – патогенді саңырауқұлақты жоюдың дұрыс емес және рационалды емес әдісі болған жағдайда болады. Ол паразитизация аймағын жақын тіндерге кеңейтіп, бүкіл организмге қан ағымымен жайылып кетуі мүмкін.

Саңырауқұлақтар үшін тырнақтар көбею үшін тамаша орын болып табылады. Ол тырнақ пластинасына бір түскен соң, сол жерде өседі және көбейеді. Ал тырнақ түсі күңгірттеніп, қалыңдап, беті бүдірленіп, және сары дақтар пайда болады. Сонымен қатар, олар сынғыш келеді, эстетикалық көрінісін жоғалтады, және өз кезегінде өмір сапасы төмендейді: демалуға, спортпен айналысуға, қарым-қатынасқа, жеке өмірге кедергі келтіреді.

“Бұл саңырауқұлақтар қайдан пайда болады?”- көптеген адамдар осы сұрақты қояды. Қатты терлеу аяқтағы саңырауқұлақтардың пайда болуының негізгі факторы болып саналады. Сондықтан тек ыңғайлы, жақсы кептірілген және таза аяқ киім кию керек. Саңырауқұлақтар көбінесе ылғалдылығы жоғары қоғамдық жерлерден жұқтырылады. Бұл, әрине, сауналар, ванналар, спорт залдары, қоғамдық моншалар және т. б.

Бұл аурумен ауыру жиілігі 60 жасқа қарай артады. Мұны әлсіреген иммунитетпен, метаболизмнің баяулауымен, сондай-ақ созылмалы аурулармен, антибиотиктерді ұзақ қабылдаумен түсіндіруге болады.

Онихомикоздың қоздырғышы көбінесе дерматофиттер, сирек жағдайда зең мен ашытқы саңырауқұлақтары. Саңырауқұлақтың түрін зертханада микроскопия әдісімен және дифференциалды диагностикалық ортаға бір мезгілде себу арқылы анықтайды. Диагноз қоюдағы өте маңызды сәт-биоматериалды дұрыс алу болып табылады. Анализ үшін тырнақтың қабықшаларын алу керек және ол жеткілікті мөлшерде болуы керек. Биоматериалдың үлгілері қоректік орталар салынған шыныаяққа себіледі және бір уақытта микроскопия жүргізіледі. Биоматериал себілген шыныаяқтарды 14 күннен 30 күнге дейін инкубацияға қояды. Егер үлгілерде өміршең саңырауқұлақтар бар болса, 14-16 күн ішінде сіз саңырауқұлақтың түрі туралы нәтиже ала аласыз. Оң өсу кезінде үлгілерді саңырауқұлақтарға қарсы препараттарға сезімталдығын тексеріледі.

Онихомикоз оңай емделеді, ең бастысы – инфекция ошақтарын уақытында анықтау және емдеуді уақтылы бастау керек.