Топырақтағы және тау жыныстарындағы радон

Радон-тау жыныстарында уран-радий қатардың радиоактивті ыдырауы кезінде үздіксіз түзілетін радиогенді газ. Радон барлық жартастымассивтерде кездеседі, газ ауаға бөлініп содан кейін жоқ болып кетпейді ол газдың жаңа регенерацияларымен тез өтеліп тұрады.Орташа есеппен алғанда, бір тонна болатын тасжынысы әр секунд сайын жер қабатындағы жарықтар арқылы немесе жер асты суларының ағындарымен бірге жербетіне түсетін радонның мыңдаған атомдарын шығарады. Сондықтан бұл газдың ең көп мөлшері ауаның жерге жақын қабатында тіркеледі, биіктіктің ұлғаюымен атмосферадағы радонның концентрациясы төмендейді. Тектоникалық сынықтар бетінде тұрғызылған үйлердегі радонның концентрациясы кейде ондаған мың беккерельге жетеді. Радонның бөліну деңгейі жоғары болған жер учаскелерінде құрылыс салушыларға тұрғын үй құрылысын салмау ұсынылады.

Ғимарат құрылысына арналған учаскені жобалаудың алдында осы учаскеде топырақ бетінен радон ағынының тығыздығын өлшеу қажет. Радоннан қорғау құрылғылары мен радонды аулағыштарды орнатуды көздейтін жобалар бойынша құрылатын үйлер де болады.

Радон тұрғын үй-жайларға едендегі саңылаулар арқылы немесе едендер мен қабырғалардың түйіскен жерлерінде тығыздалмаған, жабындар немесе сымдар арқылы, қуыс бетон блоктарынан тұрғызылған қабырғалардағы тесіктер, сондай-ақ дренаждық жүйелер немесе кәріздік коллекторлар арқылы тығыздалмаған технологиялық тесіктер арқылы түседі. Радонның шоғырлануы әдетте жер төлелерде, цокольдық үй-жайларда немесе топырақ пен жанасатын тұрғын үй-жайларда жоғары болады. Бір-бірімен жақын тұрған үйлердегі радонның шоғырлануы әр түрлі болуы мүмкін; бір үйде ол күн сайын және тіпті сағат сайын өзгеруі мүмкін. Салынып жатқан тұрғын үйлерде тұрғын үй-жайлардағы ауаның радонмен ластануын болдырмау және бұрыннан бар тұрғын үйлерде радонның шоғырлануын төмендету әдістері бар. Сондай-ақ, суда, топырақта, ауада радонның өлшемдері бойынша қажетті зерттеулер біздің орталықта жүргізу мүмкіндігі бар. Жаңа үйлерді, әсіресе радон қаупі бар аудандарда салу кезінде жобалау кезеңінде радоннан қорғау жөніндегі шаралар көзделуі тиіс.

Тұрғызылған ғимараттардағы радонның шоғырлануын жерасты кеңістікті желдету, ғимарат негізінде немесе топырақ негізінде монолитті еден астында радонды бұру жүйесін жайластыру, жертөле үй-жайынан радонның түсуін болдырмау, едендер мен қабырғалардағы жарықтар мен саңылауларды бітеу; үй-жайларды желдетуді жақсарту есебінен төмендетуге болады.

Комитет по защите прав потребителей РК