Тату туралы әңгіме

Қазіргі уақытта жастар да, жасы үлкен адамдар да денесінің бөліктерін татуировкалармен әшекейлейді.

Татуировка – бұл адамның денесінде бояумен тері жамылғысын зақымдау әдісімен орындалатын денеге перманентті сурет салу, жуылмайтын ою-өрнектер салу процесі. Татуировка жасайтын шеберлердің көп бөлігі осы мақсатта электр машинкаларын пайдаланады. Бояйтын пигмент терінің астындағы қабатына 3 мм тереңдікке салынады. Әйелдер арасында кең таралған перманентті макияж да татуировка деп саналады. Бірақ көпшілігі татуировканың салдарын біле бірмейді.

Терідегі суреттерді әр түрлі жастағы және әр түрлі әлеуметтік статустағы адамдар жасайды. Ерлер бұл нағыз еркектіктің көрінісі деп санайды, ал жас әйелдер татуировканы ерекше жұмбақ нәрсе сияқты көреді. Әрбір суреттің өзіндік мәні болады.

Денсаулық үшін татуировканың зияны айтарлықтай, бірақ көптеген адамдар татуировка жасатқаннан кейін ғана оның салдары туралы ойлай бастайды. Қауіп әр түрлі болуы мүмкін, бірақ бұл тек денсаулықты ғана емес, жүйке жүйесін де бұзады.

Жұқпалы аурулар – бұл татудың негізгі зияны ағзаға патогенді микроорганизмдерді енгізу болып табылады. Барлық адамдардың иммунитеті мықты емес, кейбір организмдер бактерияларға, вирустардың шабуылын жеңе алмайды, нәтижесінде гепатит, АИТВ және басқа да қауіпті инфекциялар жұқтыру ықтимал.

Денсаулық үшін татуировканың зиянын бағалау қиын емес, бірақ бұл дәлел жастарды тоқтата алмайды. Жастар қандай да бір эйфория жағдайында болады, олар татуировка салған кезде өздерін танымал және сәнді боламыз деп ойлайды.

Жасөспірімдермен және жастармен татуировканың зияны туралы профилактикалық әңгімелер өткізу қажет. Дәрістерді ықтимал асқынулардың фотосуреттерімен бекітуге болады.

Ал егер татуировканы жасатуы қатты қаласаңыз.

Татуировка жасауға деген ықыласыңыз үлкен болса және ешқандай дәлелдер осы процедурадан бас тартуға көмектеспесе, барлық қауіптерді барынша азайтуға болады. Ол үшін бірқатар ережелерді ұстану жеткілікті:

Туту салонына барар алдында дерматолог және терапевт дәрігермен кеңесу керек, сондай-ақ қажет болған жағдайда бірқатар анализдер тапсыру керек.

Татуировканы жасатар алдында  бір-екі тәулік ішінде спиртті ішімдіктер ішуге және қанды сұйылтатын дәрі-дәрмектерді қабылдауға болмайды.

Татуировканы бір жылдан артық жұмыс істейтін үлкен салонда жасату қажет. Процедура басталмас бұрын шебердің біліктілігі көрсетілген құжаттарын қарау керек.

Салонға келген соң, барлық құралдың стерильділігіне назар аудару қажет. Мысалға, инелер тек клиенттің көзінше ғана футлярдан алынуы керек. Шебер алдын ала шашын жинап, қолын жуып, стерильді қолғап киюі керек. Бетке медициналық маска киіледі.

Татуировка жасағаннан кейін қалпына келу кезеңі басталады. Осы уақытта суретті қалай күту керек екендігін білікті шебер айтып береді.

Тәжірибелі шебердің барлық кеңестерін мұқият тыңдап, есте сақтап алу керек. Кез келген стандартты емес жағдайларда шұғыл түрде салонға барады. Ұзақ уақыт басылмайтын ауырсыну, ісіктің басылмауы немесе суреттен мезгіл-мезгіл қан шығуы.

Егер татуировка жасатқаннан кейін адам өзін нашар сезінсе, дереу дәрігерге көріну керек. Ауыр аллергиялық реакция басталуы мүмкін.

Уақытша татуировкалар қаншалықты қауіпсіз.

Көшірме суреттер түріндегі жасалатын уақытша татуировка айтарлықтай қауіпті емес. Бірақ егер адам терісі сезімтал болса, онда қынамен жасалған татуировка күтпеген әсерлерге әкелуі мүмкін. Мәселен, шетелден жеткізілген бояғыштардың құрамында қынадан басқа, денсаулық сақтау министрлігі мақұлдамаған басқа да көптеген компоненттер болуы мүмкін. Пигментке шашты бояу үшін ғана қолдануға болатын бояғыштар қосылады. Бұл компоненттер теріге күшті аллергиялық реакцияларды және басқа да патологиялық құбылыстарды тудыруы мүмкін.

Кез келген татуировканың қауіпсіздігі, мейлі ол тұрақты немесе уақытша болса да, 100% болуы мүмкін емес. Сондықтан мамандар сурет түсірер алдында дәрігермен кеңесіп, оның ұсыныстарына құлақ асуға кеңес береді. Ауыр созылмалы аурулар бар болса, татуировканы жасаудың қажеті жоқ, бұл процедура олардың асқынуына түрткі болуы мүмкін.

Татуировканы қалай алып тастауға болады?                                       

Егер татуировканы жасатар алдында жақсы ойлану керек болса, суретті жою алдында одан екі есе ойлану керек. Татуировкасы шығарылғаннан кейін тыртық қалуы мүмкін, терінің түсі немесе құрылымы өзгеруі мүмкін.

Татуды бірнеше әдіспен жояды:

Суретпен бірге тері жамылғысының учаскесін алып тастау.

Арнайы абразивтерді қолдана отырып, механикалық пилингтің көмегімен.

Химиялық реактивтермен күйдіру.

Белгілі бір учаскені азотпен қатыру арқылы.

Қазіргі заманғы лазерлік технологиялардың көмегімен.

Соңғы әдіс-татуды жоюдың ең ауыртпалықсыз және тиімді жолыболып табылады. Бұл операция принципі күрделі емес. Лазер сәулесі пигментті заттың бұзылуына ықпал етеді және ол уақыт өте келе терімен шығарылады. Егер татуировка өте көлемді және тым қою түстен жасалған кезде бірнеше процедура қажет болады. Алайда, сурет толығымен жоғалмайды және мұқият қараған кезде терінің реңкі мен оның текстурасының өзгеруін көруге болады.

Әрбір адам татуировка беретін аз ғана қуаныштың, денсаулыққа ауыр проблемалар әкелетінін біле тұра жасату жасатпауды өз бетінше шешуі керек. Егер кейбір жұқпалы ауруларды емдеуге болатын болса, ал гепатит пен АИТВ өлім қаупі бар. Ең қиыны тіпті қарапайым аллергияның өзі өлімге әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.

Бір қарағанда жазықсыз татуировканың әкелер 7 қауіпі бар

1. Ең қауіпті асқынулардың бірі – инелерді пайдалану кезінде жұқпа инфекцияны енгізу.

Статистика бойынша, С гепатиті вирусын жұқтырған адамдардың арасында татуировкасы бар адамдардың пайызы татуировкасы жоқ адамдарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Бұл процедура кезінде B гепатитімен, АИТВ-мен, түрлі бактериялық және зеңді инфекцияларымен жұғуы мүмкін.

Инфекция сурет салғаннан кейін де, айлар не жылдар өткеннен кейін де білінуі мүмкін.

Татуировка кезінде ауру жұқтырылған болса, терінің күрт қызаруы байқалады. Ісінуден кейін кішірейюдің орнына, татуировканың түсі қоюланып, сурет жайыла бастайды.  Ине шаншылған жерлердегі ауырсыну күшейеді. Тері қышиды және бөртпемен немесе көпіршіктермен жабылуы мүмкін. Температура көтеріліп, адам қалтырауы мүмкін, сондай-ақ сурет орнында ірің бөлінетін жараның ашылуы мүмкін.

2. Бояуға аллергиялық реакциялардың болуы. Ол татуировка жасағаннан кейін бірден және бірнеше аптадан кейін немесе тіпті жылдар өткеннен кейін де дамуы мүмкін. Кейбір реакциялар медициналық процедуралармен байланысты болуы мүмкін, мысалы, антиретровирустық терапияны қабылдау немесе буын протезін басу.

Аллергиялық реакция белгілі бір түсті бояуға дамуы мүмкін. Пигменттердің құрамына– қорғасын, мырыш, темір, кобальт, күйе, марганец сияқты зиянды заттар кіредтінін білеміз. Ең нашар бояу – қызыл бояу.

3. Күнге Аллергия. Татуировка жасатқаннан кейін фото аллергияны дамытуға болады. Татуировкасы бар учаскелер, әсіресе бастапқы уақытта күн сәулесінің әсеріне ұшырамаған жөн. Күнге аллергия әдетте бөртпеге, қызаруға, ісінуге, су жиналған ісіктің пайда болуынан көрінеді. Сондықтан дала шығардың алдында 15 минут бұрын күннен қорғайтын SPF30 кремді терінің барлық жеріне жағыңыз. Татуировкасы бар тері бөліктерін киімнің астында жасыру немесе көп уақыт көлеңкеде жүру керек.

4. Перманентті макияждағы бөртпе. Мұндай реакция татуаждан кейін бірден және жасатқаннан кейін 3 аптадан соң дамуы мүмкін. Ісіну, қызару және қышу дамуы мүмкін. Мұндай реакцияларды байқаған болсаңыз дерматолог-дәрігерге жүгіну қажет.

5. Тері ауруларының дамуы – псориаз, экзема, витилиго, жалпақ артық, келоидты тыртықтар, саркоидоз, тері обыры. Егер татуировка орнында тыртықты немесе аурудың белгілерін байқасаңыз, дереу дерматологқа хабарласыңыз.

6. МРТ-зерттеуден болған күйік. Кейбір жағдайларда магнит-резонанстық томография кезінде татуировкасы орнында күйдіру, шаншу сезілуі мүмкін. Ол дегеніміз кейбір бояуларда әлі де темір бөлшектері пайдаланылатынын және олар күшті магниттік өріске жауап береді деген сөз. Рас, заманауи сия іс жүзінде темір жоқ және осы сияқты реакциялар қазір өте сирек кездеседі.

7. Лимфа түйіндерінің үлкеюі. Уақыт өте келе бояғыштар ериді және лимфа тоғымен лимафтық түйіндерге түседі. Жауап ретінде олар тату аймағында көлемі артады.