Суды аммиактан тазарту

Судағы аммиак пен аммоний – азот қосылыстарының екі түрі болып табылады. Оларды жалпы аммоний азоты деп те атайды. Қоршаған ортаның ластануының бұл түрі –  құрамында азоты бар заттардың, аммиак және тұздардың суда еруі болып табылады.

Суды аммонийден (аммиактан) сапалы тазарту – қажетті рәсім. Оттегімен әрекеттесетін бұл қосылыстар жабдықтар мен тұрмыстық техниканың металл беттеріне теріс әсер етеді. Олар судың органолептикалық сипаттамаларын нашарлатады және қоршаған ортаның бактерияларды жұқтыру мүмкіндігін көрсетеді. Ауыз судағы аммонийдің (аммиактың) жоғары концентрациясы организмдегі қышқыл-негіз балансының айтарлықтай бұзылуына әкеледі.

Суды тазартудың кезеңдері

Суды тазарту кезеңдері деп суды тазартуға дайындау деп түсінеміз. Олардың саны судың бастапқы сапасына байланысты. Заманауи сүзгілер судағы көптеген қоспаларды, еріген газдарды, микроорганизмдерді және басқа да ластаушы заттарды бірнеше кезеңдік сүзуден кетіруге мүмкіндік береді:

  1. Алдын ала тазарту дегеніміз –  құм, талшықтар, гельминт жұмыртқалары және басқалары сияқты механикалық қоспаларды алып тастайды. Бұл жағдайда көбінесе торлы және патронды сүзгілері қолданылады.
  2. Демангация және темірсіздендіру – метанды, марганецті, күкіртсутекті, темірді және басқа да қоспалар мен газдарды судан шығару процесі. Олардың ішінде әдетте аммиак бар.
  3. Келесі кезең – жұмсарту. Сүзгі элементінен өтетін су тұздың қаттылығын жоғалтады. Судың қаттылығы дегеніміз, бұл судың – рН деңгейі деген сөз. Әдетте ион алмасу әдісі қолданылады. Сүзгі элементі-натрий ионымен қаныққан шайыр.
  4. Суды жұқа тазарту суды тазартудың алдыңғы кезеңдерінен қалған механикалық қоспалардан тазартуды білдіреді – ұсақ элементтерді сүзу, сонымен қатар кондиционерлеу процесі де жүзеге асырылады. Ол дегеніміз – судың иісі, дәмі, түсі, лайлылығы. Тазалаудың бұл түрі үшін әдетте патронды сүзгілері қолданылады.
  5. Суды зарарсыздандыру. Бұл кезеңде адам денсаулығына зиян келтіретін микроорганизмдер жойылады. Бұл үшін химиялық әдістер немесе физикалық әдістер қолданылады. Химиялық тазарту реагенттерді қолдану арқылы, ал физикалық тазарту – қайнау, ультракүлгін сәулелер немесе ультрадыбыстың көмегімен жүзеге асырылады.
  6. Ауыз сумен жабдықтау, онда сапасы 99% тазартылған су дайындалады. Бірақ бұл дистилденген су емес, өйткені мұндай қондырғыларда тазартылған суды қажетті элементтермен қанықтыратын арнайы элементтер болады.