Сүттегі М1 афлатоксині

Микотоксиндер аспергил текті бірнеше түрлі микроскопиялық саңырауқұлақтарымен дән, жүгері және жаңғақтар сияқты әр түрлі дақылдарда өсетін екінші реттік метаболиттер ретінде өндіріледі. Сиырлар ластанған жемдермен тамақтанғанда, микотоксиндер мен олардың метаболиттері жануар сүтімен шығарылуы мүмкін. Сүттің сапасы туралы ең көп алаңдаушылық тудыратын микотоксин М1 азықтағы афлатоксин B1 туындысы болып табылатын афлатоксин М1 болып табылады. Афлатоксин M1 канцероген болып саналады және, демек, оны сүтте, әсіресе ол сәбилер мен балалардың тамақтануы үшін, сондай-ақ егде адамдар үшін пайдаланылатын өнімдерде бақылануы қажет. Сүт – адамның тағамдық тізбегіндегі афлатоксиндердің маңызды көздерінің бірі. Қаізіргі таңда М1 және B1 афлатоксиндер сүтте болуы мүмкін, ал, біріншісі шамамен он есе көп кездеседі. Адамның потенциалды  тұтыну  мөлшерін, сондай-ақ аз қорғалған халықты назарға ала отырып, сүт тұтыну арқылы М1 афлатоксинінің әсері қоғамдық денсаулық сақтау тұрғысынан зертханалық бақылауды талап ететін басқа афлатоксиндерге қарағанда аса маңызды проблема болды.

Деректерді талдаудан туындаған көптеген зерттеулер, шолулар көрсеткендей, сүттегі 1-ден 2% сіңірілген B1 афлатоксиндер  M1  афлатоксинге көшеді не ауысысады.

М1 афлатоксин ауыл шаруашылығы үшін тұрақты проблема болып табылады. Афлатоксин түзілуі үшін қолайлы жағдайлар ол: жоғары температура, жоғары ылғалдық және құрғақшылық. Бұл жағдайлар азықтық дақылдарды өндіруші мемлекеттерде жойқын зардаптарға ие болуы мүмкін, бұл өз кезегінде сүт фермерлерін азықпен қамтамасыз ету проблемаларына әкелуі мүмкін.

M1 афлатоксин сүтті малдың созылмалы проблемаларына әкелуі мүмкін

Дамыған елдерде ауыл шаруашылығын жүргізудің қазіргі заманғы әдістерінің арқасында микотоксиндердің уыттылығы немесе микотоксикоз әдетте проблема болып табылмайды. Әдетте күйіс жануарлары азықтандыру мен жас жануарларды қоспағанда, афлатоксиннің әсеріне сезімтал емес. Афлатоксин әсерінен созылмалы проблемалар пайда болуы мүмкін, оларды бақылау мен емдеу қиынға соғады. Өсімнің төмендеуі, репродуктивті көрсеткіштердің төмендеуі, сүт сауу мөлшерінің төмендеуі, летаргия және ас қорыту проблемалары туындауы мүмкін кең таралған проблемалардың бірі болып табылады. Сүт өндірушілердің шығыны елеулі болуы мүмкін. М1 афлатоксин ауыл шаруашылығы экономикасы үшін зиянды болып шықты және барлық жеткізу тізбегі үшін де  жойқын салдары бар.

Микотоксиндер мен афлатоксиндердің көпшілігі, әдетте, азық-түлік өнімдері мен жемдерді өңдеудің көптеген түрлеріне салыстырмалы түрде төзімді болып келеді. Осы дилеммаға қосымша Ауыл шаруашылығы дақылдары мен тауарлардың ластануы бірнеше себептер бойынша табу оңай емес. Ең алдымен, микотоксиндер дәндер мен азыққа тең бөлінген. Микотоксиндер мен афлатоксиндерді анықтау үшін бірнеше аналитикалық тәсілдер бар. ИФА әдістерін пайдалана отырып тез және қарапайым тестілеу – коммерциялық қол жетімді. Бұл әдістер жылдам және жаппай скрининг үшін жақсы, өйткені олар оңай және салыстырмалы түрде арзан, бірақ олар дәл емес. Неғұрлым сенімді әдістер коммерциялық зертханалар орындайтын тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматографияны (ТЖСХ) және масс-спектрометриясы, оған қоса жоғары тиімді хроматографияны қамтиды.

Ең тиімді және сезімтал деп масс-спектрометриясы бар тиімділігі жоғары хроматография саналады, мұнда хроматографиялық детектеуден басқа масс-спектрлер бойынша бөлу қолданылады, бұл өз кезегінде талданатын талдауларды дәл сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматография және масс-спектрометрия (ТЖСХ/МС) әдісімен М1 афлатоксиніне анализ жасау

М1 афлатоксиніне сандық анализдер үнемі ҚР ПІБ МО СЭСО РМК зертханасында Agilent 6460 үш квадрупольді сұйықтықты хромато-масс-спектрометрде жүргізіледі.

Анализ афлатоксина М1 методом высокоэффективной жидкостной хроматографии и масс-спектрометрии (ВЭЖХ/МС)

Нәтижелер мен қорытындылар

Тандемді сұйықтықты хромато-масса-спектрометриялы пайдалану микотоксиндерді анықтау Dynamic MRM режимінде “үш квадруполь” типті детекторлардың айрықша селективтіліктің арқасында иммуноферментті анализ бен жұқа қабатты хроматография әдістерімен, спектрофотометриялық немесе флурометриялық детектрлейтін ТЖСХ әдісімен салыстырғанда бірқатар даусыз артықшылыққа ие. Соңғы жағдай алдыңғы аналитикалық әдістер нөлдік нәтиже берген объектілерде тұтас компоненттерді анықтауға мүмкіндік береді.