Рентген жасатқан қауіпті ме: шындық пен аңыз

Рентген немесе рентгенография – бұл рентген сәулесін пайдалану арқылы жасалатын диагностика әдісі, өкпе, омыртқа, тістердің және т.б. ауруларын анықтайды. Біз барлығымыз білетіндей, сәуленудің барлық түрлері тірі ағза үшін қауіпті, өйткені радияциялық аумақ құрады да кейін күштірек доза болған кезде олар жасушаны бұзып, сәулелі ауруларға әкеліп соғады және обыр ауруымен аурудың қаупі бірнеше рет артады деп білеміз. Бұл жердегі аңыз деп тұрғанымыз көптеген адамдар рентгенді қауіпсіз деп санайды.

Дәрігердің тағайындауы бойынша рентген жасатсаңыз да, шағын дозаларда сәулеленуді болдырмау мүмкін емес, өйткені рентген аурулардың пайда болуының өлшенетін тәуекелдеріне ие радиацияның, белгілі бір сәулелену көзі болып табылады.

Сәулелендіру жағынан ең үлкен ықтималдыққа ие зерттеулердің ең ауыр түрі – компьютерлік томография(КТ).

Адам үшін ең жоғары рұқсат етілген доза жылына 150 мЗв болып табылады. Жыл сайын өтетін әдеттегі стандартты рәсімдер 20 мЗв (миллизиверт) аспайды. Алайда семіздік пен жүктілік кезінде рентгендік диагностикадан бас тарту керек. Электромагнитті сәулелену туған сәбиге зақым келтіруі мүмкін – оның ішкі органдары мен тіндерінің қалыпты қалыптасуына әсер етеді.  Май қабатының артық болуы анық сурет жасауға кедергі келтіреді – пленкада қара дақтар пайда болады.

16 жасқа толмаған балалар үшін рентгенді тек қана шұғыл жағдайларда жүргізу ұсынылады – сынықтар, бас жарақаты, жамбас-сан буындарының дисплазиясы, пневмония кезінде.

Рентгендік зерттеудің қауіптілігі – пациент үлкен сәулелену дозасын алған жағдайда ғана болмақ.

Ағзадан радиацияны қалай шығаруға болады?

Сау адамға рентгенологиялық тексеру жүргізілгеннен кейін ешқандай ерекше шара қолдану қажет емес.

Радиацияны шығару үшін сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жаңа сығылған жүзім және анар шырындары, теңіз қырыққабаты, балық, күріш, қара өрік, сондай-ақ құрамында йод бар өнімдер қолданылуы керек.

Рентгенографияны диагноз қою үшін және емдік терапияның тиімді жоспарын жасау үшін белгілі бір айғақтар болған кезде ғана жүргізеді. Дәл емес қойылған диагноз және дұрыс емес емдеу рентгенологиялық процедурадан гөрі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.