Пластик ыдыс неге зиянды?

Бүгін біз өз өмірімізді пластиксіз елестете алмаймыз: бір реттік қолданылатын ыдыс-аяқ, тамақ контейнерлері, одан жасалған бөтелкелер әр үйде бар. Бірақ бұл біздің денсаулығымызды бұзатынын білеміз бе?! Бірақ егер онда “тамаққа арналған пластик” деп жазылған болса, онда ол зиянсыз болуы керек қой! Дегенмен, көптеген нюанстар бар, ал бастысы – тамаққа арналған пластик әртүрлі болады. Оны қалай қолдануға болатындығы, оның құрамында қандай заттар бар екендігіне байланысты. Өкінішке орай, бұл жапсырмаларда жазылмаған және, тиісінше, бұл ереже сирек сақталады.

Тарелкалар

Саяжайда және әсіресе далада кәуап пысырып, демалысқа шығатын кезде таптырмайтын нәрсе. Кейбір фаст-фуд кафелерінде сорпалар, екінші тағамдар пластикалық табақшалар мен табақтарда беріледі. Бірақ көбінесе мұндай ыдыс полистиролдан (PS) жасалады. Ол қызған кезде канцерогенді стирол бөледі, ол бауыр мен бүйректе жиналып, тіпті циррозға әкелуі мүмкін. PS таңбаланған ыдыстарды тек суық тамақтар үшін пайдалануға болады! Ыстық тағамға жарамды жалғыз пластик – бұл полипропилен (PP).

Стакандар

Алкоголь еріткіш болып табылады, сондықтан оны пластикалық стаканға құйсаңыз стинол, фенол және формальдегид қосылған этанол ерітіндісін аласыз. Бұл көру, бүйрек және репродукция проблемаларына әкеледі. Шай, кофені тек PP таңбаланған стақандарға құюға болады, бірақ сусын сәл салқындаған кезде ғана. Полипропилен 75 градустан аспайтын температураға ғана шыдайды.

Маркировкалар

1. PET(E)/ПЭТ – полиэтилентерфталат: сусындарға арналған бөтелкелер, ұсақ дәмдеуіштерге арналған контейнерлер. Бөтелкеге арналған ең жақсы пластик.

2. PEHD (HDPE)/ПЭВП – қысымы төмен полиэтилен: сүт, пакеттердің орамасы үшін. Формальдегид бөлуі мүмкін.

3. PVC/ПВХ – поливинилхлорид: суды бөтелкелерге құю,  шағын бөлшектелген өнімдерде пайдалану. Құрамында канцероген винилхлориді бар, ол тағам арқылы адам организміне ене алады. Пайдаланбаған жақсы.

4. PELD (LDPE)/ПЭНП –қысымы жоғары полиэтилен: пакеттер, иілетін қаптамалар жасалады. Формальдегид шығаруы мүмкін.

5. PP/ПП – полипропилен: ыстық тағамдарға арналған ыдыс, тамақ арналған пленка. 75 градусқа дейінгі температураға төтеп береді.

6. PS/ПС – полистирол: бір рет қолданылатын ыдыс. Оны қыздыруға болмайды. Одан ыстық тағамдар мен сусындар мен алкогольді ішуге болмайды.

7. O(ther)/Другое – жоғарыда көрсетілмеген полимерлер немесе пластиктердің қоспасы. Азық-түлік үшін қолданбаған жөн.