Майонез немесе күнбағыс майы ма?

Майға араластырылған салат па жоқ әлде  майонезбен араластырылған салат пайдалы ма?

Майонез. Көптеген адамдар майонезді күнбағыс майына қарағанда калориясы әлдеқайда көп деп санайды.

Кез-келген өнімнің калория мөлшері макронутриенттердің қатынасы арқылы анықталады. Олардың ішінде ең жоғары калориялы майлар-1 грамм үшін 9 ккал немесе 100 грамм үшін 900 ккал. Осылайша, тағамның салмағы бірдей болса да, құрамында майы көп тағам калориясы көп деп саналады. 

Диетологтар күнделікті рационға өсімдік майларын қосуды ұсынады. Оларды тамаққа белгілі бір мөлшерде қосу арқылы адам организмі витаминдер  мен түрлі қоректік заттармен қанықтырылады. Ең пайдалысын таңдап, оны күнделікті тұтыну мөлшерін ескеру өте маңызды. Күнбағыс немесе зәйтүн майы – қайсысының калориясы көп.  Ең пайдалы тағамдық майлар құрамындағы калориялардың мөлшері 890-нан 900 ккал-ға дейінгі өсімдік майлары болып саналады. Күнбағыс (899 ккал) ол фосфорға, темірге және Е витаминіне бай, ал зәйтүн майы (898 ккал) құрамында моно қанықпаған қышқылдар және полифенолдар,  табиғи антиоксиданттар бар.

Майонезден мүлдем бас тартқан немесе тұтынуды азайтқан дұрыс, өйткені қазіргі уақытта сіз эмульгаторлар (консистенцияны жақсарту үшін қосылатындар), антиқышқылдар (жарамдылық мерзімін арттыру үшін қосылатындар) және де оның дәміне, түсіне әсер ететін көптеген әртүрлі Е қоспалары қосылмаған майонез маркасын таба алмайсыз. Өсімдік майлары пайдалы, бірақ қазіргі күні олар тазартылған күйінде, яғни барлық қоспалардан және барлық пайдалы заттардан тазартылған күйінде сатылады.

Азық – түліктің ішіндегі калориясы ең жоғарысы – ол өсімдік майы. Тіпті сары май, құйрық май, майонезді қоспалардың калориясы екі есе кем. Сондықтан, калорияны есептеу тұрғысынаналғанда тағамдарды өсімдік майымен араластыру калорияны едәуір арттырады! Алайда – егер біреулер калорияларды санауды жалғастырып жатса да, сіз өзіңізді алдамауыңыз керек, тағамдардағы калория мөлшері – денсаулық пен фигураңызға пайдасын бағалаудағы маңызды критерий емес.