Фольга қауіптігі неде?

Бүкіл әлемде адамдар дәмді тағам дайындау үшін әртүрлі керек-жарақтарды пайдаланады. Олардың әртүрлілігі шынымен сан алуан — арзан фольгадан бастап өте қымбат керамикалық пышақтарға дейін бар. Көптеген үйлерде алюминий фольга – бұл қалыпты зат болып саналады. Ол әмбебап, пайдалануға ыңғайлы зат. Фольгамен ыдысты жабуға немесе картопты пісіру үшін орауға болады. Алайда, егер сіз тамақ пісіру кезінде фольганы қолданатын болсаңыз,  бір нәрсені білуіңіз керек: фольга денсаулыққа ӨТЕ қауіпті.

Фольга алюминий металдан жасалады, тамақ жасауға арналған фольга 92-99% таза металдан тұрады.

Алюминий – организмде (тіндерде, органдарда, сүйектерде) жиналып, ауыр ауруларға әкелетін улы металл.

Миға тигізетін зияны. Алюминий – бұл нейротоксикалық ауыр металл, мидың және орталық жүйке жүйесінің жұмысында елеулі бұзылыстарға әкеледі: балалардағы ақыл-ой дамуының тежелуі (сөйлеуді қоса алғанда), ақыл-естің кемдігі, аутизм, құрысулар, деменция, Альцгеймер.

Сүйектерге тигізетін зияны. Бұл улы металл кальцийді ығыстырып сүйекте жиналады.

Өкпеге тигізетін  зияны. Тыныс алу жүйесінің аурулары, демікпе және т.б. Алюминиймен демалу респираторлық ауруларға, соның ішінде өкпе фиброзына әкелуі мүмкін.

Бұл ауыр металл организмге қалай енеді? Негізгі көздер  ретінде, әдетте, құрамында алюминийі бар сусындар мен дезодоранттар, контейнерлер аталады. Алайда, неге екені белгісіз алюминий фольга ұмытылып кетеді.

Әрине, ешкімде фольганы тістеп,  шайнамайтыны түсінікті.

Фольганы жоғары температураға дейін қыздырған кезде осындай жағдай  орын алады. Жылу әсерінен металда ұсақ жарықтар пайда болады, осы жарықтардан бөлінген ұсақ қабыршық бөлшектер тамаққа түседі. Олар көзге көрінбейді сондықтан сіз оларды жұтып қоясыз!

Эссам Зубаиди деген дәрігер алюминий фольгасымен бір ғана тағамды дайындау кезінде 400 мг алюминийді сілтісіздендірілетінін анықтады! “Температура неғұрлым жоғары болса, сілтісіздендіру соғұрлым жоғары болады. Фольганы тамақ пісіру үшін қолдануға болмайды және оны қызанақ, цитрус шырыны және дәмдеуіштермен бірге қолдануға болмайды”. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тәуліктік рұқсат етілген алюминийдің дозасы 60 мг деп көрсетеді.

Тамақты фольгаға орап пісіру кезінде алюминий бөлшектері сіздің организмге тыныс алу жолдары арқылы енуі мүмкін. Қыздыру кезінде шығарылатын түтінде алюминийдің микроскопиялық қабыршықтары болады, оларды сіз дем алған кезде оңай әрі байқамай жұтып қоясыз!

Ауыр металдардың денсаулыққа қауіпті екені анық. Өзіңізді осы уланудан қалай қорғауға болатындығы туралы бірнеше кеңестер береміз:

1. Ас үйде алюминий фольганы пайдаланбаңыз, мүлде пайдаланбаңыз болды! Оны тоңазытқышта өнімдерді орау үшін ғана қолдануға болады. Негізінде одан да  шыны контейнерлер пайдаланғаныңыз жақсы.

2. Дәмдеуіштерді, қызанақты және цитрустарды фольгада сақтамаңыз. Олардың құрамындағы қышқылдар алюминийді тікелей сіздің тарелкаңызға салып береді!

3. Алюминий ыдыс пайдаланбаңыз! Мүмкіндік болса тат баспайтын кәстрөл сатып алыңыз.

4. Мүмкіндігінше алюминий фольганы тамақ пісіруге арналған пергаментпен ауыстырыңыз.