Ет. Отандық VS Шетелден келгені

Ет адамның тамақтану рационында маңызды орын алады. Ең алдымен, ет – бұл ақуыз. Ақуыз адам өмірінің күнделікті өмірінің міндетті элементтерінің компоненті болып табылады және жасушалардың, бұлшықеттердің жиырылу, дәнекер және сүйек тіндерінің негізгі құрылыс материалы болып табылатын міндеттердің кең спектрін орындайды, ағзадағы алмасу процестерін реттейді. Ақуыздардың ыдырауы кезінде адамның ас қорыту жолында 20-дан астам түрлі амин қышқылдары пайда болады. Сонымен қатар, ет тек өзінің аминқышқыл құрамымен ғана емес, сонымен қатар көптеген пайдалы минералды заттардың құнымен де құнды. Бұл натрий, фосфор, магний, күкірт және темір. Тамаққа жеткілікті деңгейде өңделмеген етті (қуырылмаған, қан қосылған ет және т.б.) пайдалуға кеңес бермейміз. Өйткені бұл жұқпалы аурулардың, сондай-ақ паразит жұқтырудың себебі болуы мүмкін.

Көбінесе импорттық етте оны өсіру үшін мал азығында өсу гормондары мен малдың бұлшық ет және май массасының тез дамуына ықпал ететін басқа да заттар қосылады. Отандық жануарлар әлдеқайда баяу өседі және егер қоспалар қолданылса да, айтарлықтай аз мөлшерде ғана болады. Шетелде бір маусымда бес сиыр өсірілсе, бізде қосымша жемсіз тек бір-екі сиыр ғана. Шетелдік бұқашықтар мен торайларды өсу гормондарымен және басқа заттармен қоректендіреді, олардың есебінен бұлшық ет массасы тез дамиды және “май” байланады. Осылайша, жасанды қоспалардың көмегімен шетелде бір маусымда Қазақстанға қарағанда 2-2, 5 есе көп мал өсіріледі.

Сондай-ақ, ет Escherichia coli (E.сoli) бактериясымен жұғуы мүмкін. Жануарларды сойғанда және етті бөлшектеген кезде микробтық ластану ықтималдығы бар. Мал өнімдерінің мониторингі іріктеп жүргізіледі. Демек, сапасыз және залалданған ет әлі де қазақстандық сөрелерге түсе алады деген сөз.

«Шетелдік» еттің белгілері

– Гормональды жолмен өсірілген ет тым қызыл және түсі ашық болады.

– Импорттық қаптама өте ұқыпты. Отандық етте әдетте қаптама жоқ.

– Шетелдік еттің қаптамасында әдетте МЕМ СТ жоқ. Импортқа көбінесе ветеринарлық анықтама немесе куәлігі жоқ. Сіз, ең алдымен, олардан, яғни сатушыдан талап етуіңіз керек.

– Жасанды өсірілген етте сүтпен иісі жоқ, онда қан да болмайды.

– Егер импорттық етті жақса, резеңке немесе басқа жағымсыз иіс шығуы мүмкін.

Жаңа сойылған етті қалай тануға болады?

–  Еттің кесілген жері әдетте құрғақ болады.

– Етке саусақты батырған кезде түзілетін шұңқыр тез тегістелуі керек.

– Егер еттің беті құрғақ, желден құрғаған, ал кесілген жері жылтыр болса, онда бұл еттің біраз болды жатқандығының және онда жағымсыз үдерістер болып жатқандығын көрсетеді.

– Мұздатылған ет мұз кристалдарының әсерінен сұр реңкі бар қызыл түсті болады.

– Саусақпен басқан кезде түсі ашық қызылға тез өзгеруі керек. Егер олай болмаса, ет жаңа сойылған емес.

– Мұздатылған еттің жаңа сойылғандығын анықтау оңай, оны ыстық шанышқымен немесе пышақпен тесіп көрсеңіз болады. Егер ет жаңа сойылған болмаса жағымсыз иіс пайда болады.

– Егер сіз ескі сиыр етін емес, бұзаудың етін сатып алғыңыз келсе, онда ет түсіне назар аударыңыз; ол неғұрлым ашық түсті болса, соғұрлым жас жануар деген сөз.

– Егер етте қабыршақтар  тым көп болса, онда ол жасы үлкен жануар.

Қазақстанға Ресей, Өзбекстан, Украина, Қытай, Беларусь, АҚШ, Польша, Германия, Малайзия, Бразилия, Кения, Франия, Қырғызстан, Италия және Нидерландыдан өнімдер жеткізіледі. Соңғы уақытта Қазақстанға Аргентина мен АҚШ-тан мұздатылған етте жеткізіледі.

Еттің сапасы (жаңа сойылғандығы) органолептикалық (иісі, түсі), биохимиялық, бактериоскопиялық және микробиологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша ГОСТ-қа сәйкес бағаланады.