Ересек адамның иммунитетін қалай нығайтуға болады

Иммунитет – бұл бөтен бактериялар мен вирустарды анықтап, сондай-ақ олармен күресетін біздің организміміздің қорғаныш қасиеті. Жақсы иммунитет біздің денсаулығымыздың көрсеткіші.

Организмнің қорғаныс күштерін арттыруға және иммунитеті нығайтуға төмендегі жазылғандардың көмегімен қол жеткізуге болады:  

* шынығу;

* дене белсенділігі;

* дұрыс тамақтану, бұл өз кезегінде:

* пайдалы табиғи өнімдерді тұтыну,

* тамақтану режимін ұстану,

* үйлесімді тамақтану.

1. Рационыңызда жемістер мен көкөністерді көбірек болсын

Адам организмі барлық қажетті заттарды тамақ арқылы алады. Өнімдердің құрамы мен олардың қасиеттері адамның денсаулығына, физикалық, эмоционалды жағдайына және еңбекке қабілеттілігіне тікелей әсер етеді.

Диетаңызға көкөністер мен жемістерді мүмкіндігінше көп қосуға тырысыңыз, өйткені олар витаминдерге бай және күзде иммунитетті нығайтуға және әл-ауқатты жақсартуға көмектеседі.

Соңғы бір-екі жылда полифенолдардың, атап айтқанда флавоноидтардың рөліне деген қызығушылық артты. Бұл фитохимиялық заттар табиғатта жемістер мен көкөністерде кездеседі және өсімдіктің сау болуына көмектеседі. Витаминдерден айырмашылығы, олар біздің денсаулығымыз үшін маңызды болып саналмайды, бірақ олар аурудың алдын алуға және денеміздің тиімді жұмысын сақтауға көмектеседі. Олар иммундық жүйеге пайдалы және қабынуға қарсы әсері бар деп саналады.

 

2. Көбірек қозғалыңыз және спортпен айналысыңыз  

Зерттеулер көрсеткендей, физикалық жаттығулардың қыпша белге айналуыңызға ғана көмесіп қана қоймай, сонымен қатар көптеген аурулардың, соның ішінде тоқ ішек, жатыр және сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін азайтады.

Бұл үнемі жаттығатын адамдарда гормоналды профильдің жақсаруына байланысты деп саналады. Сондай-ақ, жаттығулар біздің психикалық денсаулығымызды жақсартуға көмектесетіні туралы нақты дәлелдер бар.

3. Ұйқыңызды қандырыңыз және демалыңыз

Жақсы демалыс жалпы әл-ауқат пен көңіл-күйді жақсартады. Бірақ ұйқының қанбауы, керісінше, летаргияның, шаршаудың, тітіркенудің пайда болуына әкеледі және иммунитетті төмендетеді. Сонымен қатар, тым аз (тіпті тым көп) ұйқы жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті және семіздік қаупін арттырады. Дені сау ересектер күніне алтыдан тоғыз сағатқа дейін ұйықтауы керек. Сонымен қатар, түнде ұйқысы қанбаған адамдар күні бойы көп калория тұтынады.

4. Стрессті бақылауда ұстаңыз

Қазіргі заманның өмір ырғағы адамдарға үлкен стресс әкеледі, бұның өз кезегінде денсаулыққа тигізер теріс әсері бар. Егер эмоционалды күйзеліс сіздің өміріңізде бір ғана эпизод түрінде болса, онда организм жақсы қалпына келеді. Бірақ егер стресс адам өмірінде тұрақты негізде болса, оның аясында маусымдық депрессия дамуы мүмкін. Оның үстіне иммунодефицит – бұл депрессияның айнымас серігі екені белгілі.

 

5. Көбірек су ішіңіз

Организмнің сусыздануы тек 1% болса, ол зейін қою қабілетін нашарлатуы мүмкін. Су ішу өте пайдалы екенін бәріміз естідік, бірақ егер сіз жұмыс күнінде жеткілікті мөлшерде ішуді ұмытып кетсеңіз, организмнің сусыздануы пайда болуы мүмкін, бұл өз кезегінде өнімділікті азайтып, стрессті арттыруы мүмкін.

Өйткені, иммундық жүйені сақтай отырып, біз көптеген аурулардан аулақ бола аламыз және бақытты және салауатты өмір сүре аламыз