ДЕЗИНФЕКЦИЯ ӘДІСТЕРІ

Қазір барлық елдің аузындағы дезинфекция дегеніміз не? дезинфекция — бұл қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдерді – инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын (бактерияларды, вирустарды, риккетсияларды, қарапайым саңырауқұлақтарды) жою.

Дезинфекция жүргізу кезінде бірқатар проблемалар туындайтыны белгілі. Бұл жағдай сол немесе басқа да бір инфекциялық ауру эпидемиясының ерекшеліктерін, оның пайда болған орнының географиясын, жыл уақытын, әлеуметтік жағдайлардың әртүрлілігін және т.б. ескере отырып шешіледі. Нақты істелінетін жұмыстарды: қай нәрсе дезинфекциялауға жатады, дезинфекция қашан жүргізілуге тиіс екендігі, қандай құралдардың көмегімен және ол қандай тәсілмен жүзеге асырылатынын білу керек.

Дезинфекция әдісін таңдаудың негіздемесі: зарарсыздандырылатын объектінің материалы; жою қажет микроорганизмдердің саны мен түрі; адамға қауіп төндіру дәрежесі; бұйымның конструкциясы және т. б.

Физикалық әдістер. Механикалық, жылумен дезинфекциялайтын агенттерді, сәулелі энергияны, радиоактивті сәулеленуді пайдалану көзделеді. Дезинфекцияның механикалық тәсілдері кезінде микроорганизмдерді жою емес, негізінен оларды алып тасталуы қамтамасыз етіледі. Оларға жататындар: сілкілеу, тесу, тазалау, жуу, сүзу, вентиляцияжатады (шаңсорғыштарды, респираторларды пайдалану кезінде ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады).

Ауадағы микрофлораның концентрациясының күрт төмендеуіне вентиляция немесе, мысалы, температуралық ықпал ету:  мұздату, салқындату, қайнату, ыстық құрғақ ауамен әсер ету, қысымдағы сулы қаныққан бумен әсер етеді. От зарарланған заттарды жою үшін, сондай-ақ оларды қыздыру үшін пайдаланылады.

Биологиялық әдістер. Көп емес және шағын топтағы объектілерде қолданылады. Мұндай дезинфекцияның мысалдары ретінде: су құбыры станцияларындағы суды сүзу (сүзгі бетінде пайда болатын биологиялық жабын), сарқынды зәрнәжістік суларды залалсыздандыру (сарқынды суларды тазартатын биологиялық станциялар) және қатты органикалық қалдықтарды залалсыздандырудың биотермиялық тәсілі болып табылады.

Химиялық әдістер. Дезинфекциялау үшін химиялық заттар (антисептиктер, дезинфектанттар) қолданылады. Химиялық агенттер микробқа қарсы кең спектрге ие болуы тиіс, олардың тиімділігі:

бактерицидтік белсенділігімен;

туберкулоцидті белсенділігімен;

фунгицидтік (саңырауқұлақтарға, спораларға қарсы) белсенділігімен;

вирусицидтік белсенділігімен;

спороцидтік белсенділігімен сипатталады.