Денсаулыққа жағымды болу үшін кофені қашан ішкен жақсы?

Күнделікті күйбең тіршілікте және қарқынды жұмыс күндері біз өз денсаулығымызға көңіл бөлмей, барлық шаруаларды жасап тастауға тырысамыз. Атап айтқанда, адамдар болашаққа ақша табу үшін 2-3 сағат қана ұйықтап, дұрыс күн тәртібі туралы ойланбайды. Қалыпты жағдайдағы ұйқыға қажетті 7-8 сағатттың орнына сергітетін сусындарды ішеді. Мысалы, адамдар жұмысқа шығар алдында асығыс үстінде бір кейді тіпті екі кесе кофе ішеді. Адамдардың 80% – дан астамы кофені жұмыста, серуендеу кезінде, өз шеберін күткен кезде ішеді.

Сіз кофені қалай ішу керектігін және оның ағзаға қалай әсер ететіні туралы білесіз бе?

Әрине кофе –  әрқашан жағымды, дәмді, қолжетімді. Дегенмен, кофе шырыны тек дәмді болып қана қоймай, сонымен қатар біздің қала тұрғындарына пайдалы болуы үшін, біз кофемандар өмірінің кейбір аспектілеріне талдау жасадық. Көптеген адамдар үшін өзекті мәселе болып шыққан сұрақ:

КОФЕНІ ТАМАҚҚА ДЕЙІН ӘЛДЕ ТАМАҚТАН КЕЙІН ІШКЕН ЖӨН БЕ

Бір қызығы, көптеген мамандардың бұл туралы пікірі әр түрлі болып келеді. Біз бұл мәселені жан жақты түсінуге тырыстық.

Аш қарынға ішілген кофемен қоса ағзаға қосымша қышқылдармен, таниндер түседі. Олар асқазанға теріс әсер етеді. Жара немесе гастриттің өршуі мүмкін. Бұл әрине бізге керегі жоқ. Таңертең дене оянғанда, онда кортизол деген маңызды гормон да оянады. Сондықтан, пайдалы факт – бұл гормон адамның таңертең оянып, өзін сергексезінуге  көмектеседі. Енді қараңыз, сіз табиғи сергектікке кофеинді қосасыз, ол да сізге күш бергісі келеді. Жалпы әсер жағымсыз болады, ал көптен күткен белсенділіктің орнына жүректің өте тез соғылуы, тіпті тремор болуы да мүмкін, ал уақыт өткен соң қайтадан ұйқыңыз келуі мүмкін.

Сондықтан,  таңғы асқа ботқа жеген және қара кофе ішкен ең дұрысы болмақ. Сондай-ақ, сіз шай ішсеңіз де болады, өйткені онда да кофеин бар, ол оянуға және сергуге көмектеседі. Бірнеше сағаттан кейін, сағат 11:00-ге таяу кортизол соншалықты белсенді болмайды, осы кезде кофеин әсерін іске қосуға болады.

КОФЕТАҢЕРТЕҢ НЕМЕСЕ КЕШКЕ ІШУ КЕРЕК ПЕ?

Жұмысқа келген кезде немесе үзілісте шоколад бөлшегімен, ал артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін – ащы шоколадпен бір шыны-аяқ экспрессо ішсеңіз, Сіз бұл процестен көбірек рахат аласыз, сонымен қатар бұл пайдалы болады. Сондай-ақ, күні бойы үш кеседен артық емес сүтпен қара кофені ішуге болады, және 18:00 дейін ішкен жақсы.

Сондай-ақ, жақсы ұйықтау үшін кешке кофе ішкен адамдар туралы жағдайларды да білеміз.

ӨЗІҢДІ СЕРГЕК СЕЗІНУ ҮШІН КОФЕ ҚАЛАЙША ДҰРЫС ІШУ КЕРЕК

Біз кофені жақсы көреміз, өйткені онымен тіпті маңызды істерде тезірек аяқталады. Бізге қажетті сергектік күшті қара кофенің ең көп мөлшері – экспрессо, американо кофесінде болады. Егер сіз капучино, фраппучино, гляссе, латте сияқты әлсіз кофе сусындарына артықшылық берсеңіз, одан күшті “допинг” күтпеңіз. Сүт және дәмді қоспалар көп болса, кофеин аз – бұл есте сақтау керек заң. Сергек және көңілді болғыңыз келсе – таза қара ұнтақталған кофе ішіңіз.

ТАБИҒИ КОФЕНІНІҢ ФАЛЬСИФИКАЦИЯСЫ

Үйде табиғи кофе мен табиғи емес кофені ажырату үшін йодты қолдануға болады. Сыналатын сұйықтық мөлдір ыдысқа (пробиркаға, стаканға) құйылады. Йодтың 2-3 тамшысын тамызған кезде келесі реакция байқалады: табиғи емес кофе сусынымен дайындалған кофе күлгін-көк түске боялады.