ББЗ – бұл не, не үшін және олардан қорқу керек пе?

Беткі белсенді заттар (беткі белсенді заттар) — бұл әдетте кез-келген тазартқыш құралда, тіпті қарапайым сабында да болатын химиялық заттар. Құрамында осы ББЗ  болғандықтан тазалаушы құралдар тазалайды.

ББЗ не үшін қажет?

Мәселе, кір, әсіресе майды сумен жуып кетіру өте қиын. Майлы қолыңызды сумен жуып көріңізші. Су майды жумайды, ағып кете береді. Су молекулалары май молекулаларына жабыспайды және оларды өздерімен бірге ала кетпейді. Сондықтан мақсатымыз – май молекулаларын су молекулаларына бекіту. Дәл осыны ББЗ жасайды. ББЗ молекуласы — бір полюсі липофильді (майлармен байланысады), ал екіншісі гидрофильді (су молекулаларымен байланысады) сфера болып табылады. Яғни, ББЗ бір ұшымен май бөлшектеріне, ал екінші ұшымен су бөлшектеріне қосылады.

ББЗ қандай болады?

– Анионды ББЗ. Негізгі артықшылығы – салыстырмалы түрдегі төмен құны, тиімділігі және жақсы ерігіштігі. Бірақ олар адам организміне ең агрессивті әсер етеді.

– Катионды ББЗ. Бактерицидтік қасиеті бар.

– Ионға бөлінбейтін ББЗ. Негізгі артықшылығы – матаға жағымды әсер етеді және ең бастысы — 100% биологиялық ыдырайды.

– Амфолитті ББЗ. Ортаға байланысты (қышқылдық/сілтілік) өздерін катионды немесе анионды ББЗ ретінде көрсетеді.

ББЗ біздің денсаулығымызға қалай әсер етеді?

Адам денесінідегі ылғалды бөліктердің көбі майлы негізден құралады. Яғни, мысалы, терінің қорғаныш қабаты (липидтер – тері арқылы организмге әртүрлі бактериялардың енуінен қорғайтын майлар) – бұл майлы қабыршық және әрине ол ББҚ -мен жойылады. Ал инфекция ең аз қорғалған жерге шабуыл жасайды, бұл әрине адам денсаулығына зиян. Мамандардың пікірінше, жуғыш затты қолданғаннан кейін терінің қорғаныш қабаты 4 сағат ішінде кем дегенде 60% – ға дейін қалпына келуі керек. Бұл ГОСТ гигиена нормаларымен белгілеген. Дегенмен, барлық жуғыш заттар терінің мұндай қалпына келуін қамтамасыз етпейді. Майсыз және құрғаған тері тез қартаяды.

Сонымен қатар, ББЗ ми, бауыр, жүрек, майда (әсіресе көп) жоғары концентрацияларда жиналып, ұзақ уақыт бойы денеге зиян келтіруді жалғастыра береді. Ешкімде іс жүзінде жуғыш заттарсыз жұмыс жасай алмайтындықтан ББЗ денеге үнемі зиян келтіріп, организмде жинақталып отырады. Сонымен қатар ББЗ радиоактивті сәулену сияқты ерлердегі репродуктивті функцияға әсер етеді.

ББЗ денсаулыққа әсерін азайту үшін не істеу керек?

  • ұсыныстарды қатаң орындаңыз — жуғыш заттың шығыны мен әрекет ету уақытын асырмаңыз
  • химия тұрған контейнерлерді ашық қалдырмаңыз, өйткені олардың құрамындағы кейбір заттар ауамен байланысқан кезде қосылыстарға ыдырайтындары болады, ал олар бастапқы өнімге қарағанда әлде қайда зиянды болуы мүмкін;
  • иісі жоқ өнімдерді таңдаңыз
  • химияны мұқият жуып тастаңыз
  • тазалаудан кейін бөлмені желдетіңіз
  • жуғыш заттарды тек тікелей мақсатта қолданыңыз
  • мүмкіндігінше химиядан бас тартқаныңыз жөн, оның орнына  мысалы, микрофибрадан жасалған сүлгілерді пайдаланыңыз

Біздің санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығымыз заманауи жабдықтармен жабдықталған және тұрмыстық химия тауарларының құрамындағы ББЗ анықтай алады.