Антивитаминдер

Антибиотиктер қазіргі медицинадағы ең маңызды жаңалықтардың бірі болып табылады және пенициллин ашылғаннан бері миллиондаған адамның өмірін сақтап қалды. Пневмония, менингит немесе сепсис сияқты бактериялық инфекциялардан туындаған көптеген аурулар антибиотиктермен емделеді. Бактериялардың геномындағы өзгерістерге байланысты олардың антибиотиктерге төзімді болып келетін жағдайлар да табылады. Мысалы, бактериялар антибиотиктерді бейтараптандыруы немесе толығымен бұзуы мүмкін. Сондай-ақ, олар өсуі мен бөлінуін уақытша тоқтата алады, ал бұл жағдайда иммундық жүйеге оларды анықтау қиынға түседі. Дегенмен, соңғы зерттеулер әлі көп таныла қоймаған тәсілге негізделген. Ол тәсілде антибиотиктерге тұрақтылыққа қол жеткізілген бактериялар пайдаланылады. Ғалымдар, антибиотиктердің әсерін болдырмас үшін адам ағзасындағы бактериялар өз «пішінін өзгерте» алатындығын дәлелдеді. Бұл генетикалық өзгерісті қажет етпейтін процесс. Барлық бактериялар жасуша қабырғасы деп аталатын құрылыммен қоршалған. Бұл қабырға жуан қабыққа ұқсас келеді және ол оны сыртқы факторлардан қорғайды және жасушаның жарылып кетуінің алдын алады. Бұл бактерияларға дұрыс пішін береді (мысалы, таяқша немесе сфера пішіні) және олардың тиімді бөлінуіне көмектеседі. Адам жасушаларында мұндай қорғаныс жоқ. Сол себепті адамның иммундық жүйесі бактерияларды жау ретінде оңай таниды, өйткені олардың жасуша қабырғасы басқа жасушалардың жалпы фонында ерекшеленіп тұрады. Атап айтқанда осы жасуша қабырғасы, пенициллин сияқты ең жақсы және жиі қолданылатын антибиотиктердің нысанасына айналады. Басқаша айтқанда, қабырғаға бағытталған антибиотиктер, бізге зиян тигізбестен, бактерияларды залалсыздандыра алады. Алайда кейде бактериялар жасуша қабырғасынсыз да өмір сүре алады. Егер қоршаған ортаның өзі бактерияларды жарылып кетуден қорғауға қабілетті болса, олар «L-формалар» деп аталуы мүмкін. Шын мәнінде, бұл – жасуша қабырғасы жоқ сол бактериялар. Шын мәнінде, тек бактериялық ДНҚ қалады және оны адамның иммундық жүйелері танымайды. Сөйтіп бактериялар шабуыл жасауға жаңа мүмкіндік алады. Осылайша, көптеген бактерияларда қолданыстағы антибиотиктерге деген төзімділік дамыған. Антибиотикке төзімді бактериялардан туындаған инфекцияларды емдеу қиын және көбінесе ауыр ауруларға әкеледі. Әсіресе көп реттік дәрілерге тұрақтылығы дамыған және антибиотиктердің көпшілігі әсер етпейтін патогендер әсіресе проблемалы болып келеді. Бұл зардап шеккен пациенттердің ауруының ауыр дамуына, көбінесе өлімге әкеледі. Бактериялардың төзімділігі және супербактериялардың пайда болуы олармен күресу үшін жаңа антибиотиктерді жасауға мәжбүр етеді. Антивитаминдер – антибиотиктерді  балама алмастырушы болып табылуы әбден мүмкін. Антивитаминдер – бұл кәдімгі витаминнің биологиялық қызметін тежейтін заттар. Антивитаминдердің құрылымы – сол витаминдік баламаларға ұқсас келеді, бірақ олардан біршама ерекшеленеді, бұл оларды бір-бірінен ажырата алмайтын микроорганизмге айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Олар нақты витаминдердің функцияларын тежейді және улы әсер етеді. Кейбір антивитаминдер кәдімгі витаминнің құрылымына ұқсас химиялық құрылымға ие болғанымен, олардың әрекетін бұғаттайды немесе шектейді. Антивитаминдердің бұл қасиеттерін бактерияның өзіндегі витаминдердің инактивациялау үшін қолдануға болады. Бактериялар өзара бәсекелесе отырып В1 антивитаминін шығарады, B1 бұл бактериалды нұсқасында бастапқы витаминнен өзгеше бір атомға ие. Антивитаминнің қалай әсер ететінін зерттей отырып, зерттеушілер ішек таяқшасы метаболизміне қатысатын маңызды ақуыздағы протондардың алмасуын тоқтататынын анықтады. Протон алмасу дегеніміз – бұл алыс аймақтарда орналасқан ақуыздардың бір-бірімен өзара әрекеттесу тәсілі, бұл сымдағы электр энергиясы сияқты процес. Осылайша, ақуыздың «Протон алмасуын» блоктау арқылы антивитаминдер ақуызды өшіреді және ол жұмысын тоқтатады. Антивитаминдердің тиімсіз антибиотиктердің жұмысына бір сәтте араласуы және ауыстыруға дайын болуы мүмкін екендігі күтпеген жағдай емес. Антивитаминдер іс жүзінде антибиотиктер мен пронтозил және аминоптерин сияқты антипролиферативті препараттарды жасауда қолданылған. Кейбір витаминге қарсы препараттар, атап айтқанда B12, B9 және K витаминдерінің антагонистері қазір қолданылып та жүр.