«Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшылығы ардақты ардагерлерді құттықтап барды.

Бүгінгі Ұлы Жеңіс мейрамына орай Нұр-Отан партиясының “Бірлік” филиалымен бірге қоса «Санитарлық-эпидемиологиялық  сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшылығы  “Шарапат” әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, біздің ардақты ардагерлеріміз  Сафоничева Раиса Егоровна мен  Линник Олег   Ивановичті құттықтап барды. Ардагерлерімізді ардақтап, ерен ерліктерін мақтан етіп, мықты денсаулық тілеп, көздерінен көрініп тұрған көңілдерін көріп бір жасап қалдық. Ұлы Жеңістің Ұлы батырлары жасаған ерліктер әрқашан әр ұрпақтың есінде жүреріне сеніміміз мол!!!