Өсімдік майларын қалай сақтауға болады?

Күнбағыс майынан бастап зәйтүн мен кокос майына дейінгі барлық майлардың тек 4 жауы бар – жарық, жылу, оттегі, температураның кенеттен өзгеруі. Жоғарыда аталған 4 фактордың әсерінен майда қышқыл дәм пайда болады, тотығады, дәмін, хош иісін және пайдалы қасиеттерін жоғалтады.

Өнімді сақтау үшін күн сәулесінің тікелей түспейтін, жабық, салқын, қараңғы орын таңдалады. Жарықтың әсерінен витаминдер мен минералдардың,сонымен қатар ретинол немесе А витамині және басқа да микроэлементтердің құрамы күн сәулесінің әсерінен бұзылады.

Осы айтылған факторларды ескере отырып, өсімдік майларын дұрыс температурада +5-тан +20 С-қа дейінгі температурада сақтау керек. Бөтелке ашылғаннан кейін өнімді 4 апта ішінде қолдану керек. Содан кейін ол тотыға бастайды және пайдалы қасиеттерін жоғалтады, майда ащы дәм пайда болып (әсіресе зәйтүн және зығыр майы), ал хош иісі бейтарап бола бастайды.

Қай жерде сақтау керек? Барлық майлар қараңғы, құрғақ және салқын жерлерді жақсы көреді. Майларды ұзақ және күнделікті сақтауға арналған оңтайлы жер ол – жабық шкаф, әсіресе төменгі және пешке жақын емес бөлігі. Майды дәмдеуіштер мен татымдылардың  жанында сақтау ұсынылмайды, өйткені май иістерді сіңіріп алады.

Майды қандай ыдыста сақтау керек? Мінсіз ыдыс – ол  тығыз қақпағы бар және диспенсері немесе шашыратқышы бар қара шыныдан жасалған ыдыс. Сондай-ақ, тығыз жабылатын керамикалық ыдыс та жақсы.

Майды сақтауға арналған ыдыстың ең нашары – ол пластикалық бөтелкелер. Егер сіз жаңа сығылған және құнды майды (зәйтүн, зығыр, тазартылмаған немесе шикі күнбағыс) пластикалық қаптамада сатып алсаңыз, оны қара шыны бөтелкеге құйып алу керек. Жалпы алғанда, пластикалық қаптамадағы май сатып алудан бас тартқан дұрыс. Өйткені мұндай өнімді сақтау кезінде пластиктен жасалған зиянды химиялық қосылыстар өнімге енуі мүмкін.