Өнімнің құрамын қалай оқуға болады?!

Өзіңізге нақты керек өнімді сатып алу үшін азық-түліктің заттаңбаларын қалай оқуға болады? Іс-әрекет алгоритмі келесідей болады: ұнаған өнімді қолға алып, оны сыртқы ақаулардың бар-жоғына тексересіз: майысқан, деформацияланған ба, жоқ па, сынықтар және қаптаманың бүтіндігі, оның герметикалығы!

Заттаңба ескі мәтіннің үстіне тігіліп, желімделген немесе қайта басылған болмауы тиіс. Егер күмән тудырған болса, басқа дананы алу керек.

Заттаңбада жазылған нәрсені оқыңыз. Оған қойылатын талаптар 022/2011 техникалық регламентте жазылған. Өнімнің атауы өнімді нақты және дәл сипаттауы керек, мысалы: “Мармелад” немесе “Қаймақ”, “Йогурт” – бұл өнімнің атауы. Егер “Қаймақбай” немесе “Йогуртович” деген сияқты атауды көрсеңіз – бұл өнімнің атауы деп біліңіз, оның қаймақ пен йогуртқа еш қатынасы болмауы мүмкін. Бұл сіз қалаған өнімнің елесін сату үшін өндірушінің ойлап тапқан қулығы. Өнімнің аты мен атауын шатастырмаңыз.

Өнімнің құрамы. Жалпы ережелер қарапайым. Жақсысы: құрамы аз, құрамында таныс және түсінікті компоненттердің көп болуы. Құрамына кіретін компоненттер өнімдегі олардың салмақтық үлесінің кему тәртібімен көрсетіледі. Яғни, ең алдымен, бірінші орында және одан әрі оның өнімдегі үлесінің азаюына қарай жазылады. Мысалы: шұжықтың құрамында бірінші орында соя, май немесе тері емес ет тұруы керек.

Қаптамада өнімнің саны көрсетілуі тиіс. Саны миллилитр, литр, грамм, дана түрінде көрсетілуі мүмкін. Өнім бағасын көтермеу үшін өндіруші оның санын немесе көлемін төмендетуі мүмкін. Егер өнім сұйық ортаға (тұздық, маринадта) орналастырылған болса, онда өнімнің жалпы салмағы ғана емес, сонымен қатар сұйықтықты есепке алмағандағы өнімнің өзінің жеке салмағы да көрсетілуі тиіс.