ҚР ПІБ МО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК

ҚР ПІБ МО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК 2020 жылғы 15 сәуірге дейін еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты санитарлық-эпидемиолгиялық қауіпсіздікті бұдан әрі ұстап тұру үшін келесі іс-шаралардың енгізілетін хабарлайды:

Өткізу режимі қатаңдатылды.

Орталықтың барлық қызметкерлері үшін міндетті маскалық режим енгізілді.

Орынжайларды, дәліздерді, дәретханаларды және т.б. көп рет санитарлық өңдеу, орынжайларды жиі желдету жұмыстары жүргізіледі.

Барлық оқу, кездесулер, конференциялар және басқа да іс-шаралар тоқтатылды.

Бөгде ұйымдарға қызмет көрсету уақытша тоқтатылады.

Орталықтың негізгі қызметі және жоспарлы жұмыстары штаттық режимде жүзеге асырылады.

Төтенше жағдай кезінде Орталық жұмысының жаңа ережелеріне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сізге және Сіздің жақындарыңызға денсаулық тілейміз.