Құрылыс материалдары: олардың қайсысы денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін?

Жаз, сондай-ақ жарияланған карантин  кезінде адамдардың бос уақыты көбейген кезде  біздің көпшілігіміз құрылыс салу немесе жөндеу жұмыстарын бастау керек деп шештік. Үй салу немесе жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік туралы ұмытпау керек. Едендерге, қабырғаларға, төбелерге, шатырларға, терезелерге арналған құрылыс материалдары, атап айтқанда – тұсқағаз, ламинат, паркет, керілген төбелер, линолеум, ПВХ терезелері, пенопласт, түрлі жылытқыштар, бояулар, пластик сізге және Сіздің жақындарыңызға зиян келтіруі мүмкін және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Ал қалай болдырмау немесе қауіпті азайту үшін келесіні оқыңыз.

Сонымен құрылыс және әрлеу материалдарының қауіптілігі неде?

Формальдегид жасанды шайырларды, ағаш және басқа материалдарды байланыстырушы заттарды дайындау кезінде, тоқыма өнеркәсібінде өңдеу құралдары, дезинфекциялау құралдары, сондай-ақ консерванттарға бастапқы материал ретінде қолданылады. Ағаш-жоңқа және ағаш-талшықты тақталарда, фанер, пеноплаттың құрамында болады. Бас ауруы, жүрек айнуы, жоғарғы тыныс алу жолдарының тітіркенуін тудырады. Потенциалды канцерогендер болып табылады.

Формальдегид-ең көп таралған ластаушылардың бірі. ДСП-дан жасалған жаңа жиһазбен бөлмелердің ауасындағы мөлшері өте жоғары болады. Сонымен қатар, формальдегид ас үй плиталарында газдың толық жанбайтын өнімдерімен келеді.

Сонымен қатар, тұрғын үй ауасында бір мезгілде 100 улы ұшпа заттар болуы мүмкін, ал кейбір жөндеу материалдары тіпті пәтердегі радиациялық фонды айтарлықтай көтеріп жібере алады.

Бензол және этилбензол – уыттылығы жоғары көмірсутектер, орынжайлардың ішкі ортасына линолеум, лактар, бояулар, мастикалар сияқты құрылыс және әрлеу материалдармен қоса келеді. Олар газ толық жанбаған кезде пайда болады. Бұл заттар қатерлі ісік, сондай-ақ қан ауруларын тудыруы мүмкін.

Ксилол и толуол органикалық еріткіштер, пластмасса, лактар, бояулар, желімдеуші заттар және т.б. алу үшін бастапқы өнім болып табылады. Ластанудың негізгі көздері лактар, бояулар, еріткіштер, желімдер, мастиктер, линолеумдардың кейбір түрлері болып табылады. Үлкен концентрацияларда бұл заттар түрлі қан ауруларын, шырышты қабықтың зақымдануын, өкпе ауруларын және тері проблемаларын тудыруы мүмкін.

 Стирол – синтетикалық полимерлерді өндіруге арналған бастапқы зат. Стирол булары көзді және шырышты қабықтарды қатты тітіркендіреді, бас ауруы, жүрек айнуы тудырады. Бас айналу, спазмдар, есін жоғалту. Стиролдың негізгі көзі – полистиролды жылу оқшаулағыш пенопласт, қаптағыш пластик, сәндік бұйымдар, ылғалға төзімді тұсқағаз. Санитарлық нормалар бойынша олар ішкі орынжаймен, желдетілетін ауамен жанаспауы тиіс.

Винилхлорид. Полихлорвинил ол қоршаған кеңістікке мономер-винилхлоридті (канцерогенді газ, созылмалы әсер жүйке жүйесіне әсер етеді) бөлу қасиеті бар және бұл процесс тіпті аз қызған кезде күшейе түседі (мысалы, линолеум батареяға жақын салынып, жылытылған кезде ол күшті газ шығарады). ПВХ пластик “табиғи түрде” қатты емес нәзік болады, сондықтан стабилизаторлар мен пластификаторларды көп мөлшерде қосу қажет, бұл да өте улы және біртіндеп үйіңіздің ауасына шығарылатын заттар.Радон – жер жыныстарындағы радий ыдырауының өнімі болып табылатын инертті радиоактивті газ. Радон жер асты тереңдіктегі жарықтардан шығып, іргетас пен еден арқылы тұрғын үй-жайларға өтеді. Құрылыс материалдары да (силикатты кірпіш, фосфогипс) радонның көзі болуы мүмкін. Адамның радоннан алатын сәулелену дозасы кез келген басқа көздерден бірге алынған радиацияның дозасынан көп. Адам радонды ауамен және осы газды шығаратын альфа-бөлшектермен жұтады. Тыныс алу органдарының ішкі тіндерін “бомбалауды” бастайды. Алдын алу – бөлмелерді жақсы желдету. Бұл әсіресе бірінші қабаттың тұрғындарына, ең алдымен жер асты, цементтелген жабыны жоқ ауылдық типтегі үйлерге қатысты айтылған сөз.

Лактар

Зияндылығы: шырышты тітіркену, тері аурулары, жүйке жүйесінің бұзылуы, аллергия тудыратын толуол, ксилол, этилбензол, ацетон сияқты зиянды қосылыстар бар.

Баламасы: зығыр майы, табиғи морилкалар, табиғи лактар және яхталық лактар.

Линолеум

Зияндылығы: ПВХ улы буланулар мен газдарды, сондай-ақ шайырды, ксилолды, толуолды шығарады, ол көздің тітіркенуін, тері ауруларын, жүйке бұзылуларын тудырады. Қызған кезде өкпеге, бауырға нашар әсер етеді, мигрень, жүрек айнуы мен қатерлі ісікке әкеледі

Баламасы: еден тақталары, паркет тақталары.

ДСП

Зияндылығы: канцерогенді материал. Құрамында зиянды фенол, формальдегид бар. Ұзақ әсер ету кезінде оның булары бас ауруы, жүрек айнуы, аллергия және кейбір жағдайларда онкологиялық аурулар тудырады.

Баламасы: емен, қарағайдан жасалған қарапайым желімделген ағаш тақталар.

Краскалар (эмальдар)

Зияндылығы: құрамында ксилол, скипидар, күйдіргіш натрий, ортофосфор қышқылы және фенол бар. Жүйке жүйесін тежейді, ағзаны уландырады, көзді, тыныс алу жолдарын және теріні тітіркендіреді.

Баламасы: қымбат бояулар, шын мәнінде экологиялық балама жоқ.