Құрамында жеміс шырыны бар сусындардағы еритін құрғақ заттар

Құрамында жеміс шырыны бар сусын – шырынның (шырындардың) не/немесе пюрені, жеміс шырынының концентраты (пюресі) мен ауыз судың  араластыру жолымен дайындалатын сұйық тамақ өнімі. Ондағы шырынның үлесі кемінде 10 % (егер құрамында шырыны бар сусын лимон немесе лайм шырынынан дайындалған болса, онда қойылтылған шырынның үлесі кемінде 5% болуы тиіс) болуы керек. Құрамында шырыны бар сусындардың ассортиментінде дәстүрлі және экзотикалық жемістерден жасалған сусындар молынан ұсынылған: қара жидек, таңқурай, кактус, лайм және т.б. Дәмі, түсі сияқты кейбір сапа көрсеткіштері салыстырмалы түрде айқын көрінеді және “көздің тартымдылығына” әсер етеді. Ал енді текстурасы, хош иісі және қоректік заттары сияқты басқа көрсеткіштер субъективті болып табылады. Оларды бағалау үшін күрделі әдістер мен жабдықтар қажет болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл субъективті көрсеткіштер азық-түлік сапасы мен тағамдық құндылық сияқты өнімнің тартымдылығының неғұрлым күрделі аспектілеріне әсер етеді.

Қазіргі уақытта құрамында шырыны бар сусындар нарығының құрылымы қатты өзгерді. Бізде тұтынылатын құрамында шырыны бар сусындардың елеулі үлесін импортталатын өнімдер құрайды. Максималды пайда алу үшін кейбір өндірушілер құрамында шырыны бар сусындарды бұрмалауға барады. Шырыны бар сусындарды бұрмалау ең қарапайым болуы мүмкін, мысалы, сумен сұйылту, табиғи компоненттерді қантпен немесе органикалық қышқылдарды арнайы қант қоспасымен араластыру. Ал кейбір айлакер өндірушілер қымбат шырындарды арзан шырындармен араластырып, жеміс сығындыларымен араластырып, арзан шикізатты пайдалану, төмен сапалы шикізатты жасыру үшін бояғыштар мен тәттілендіргіштерді қолдану арқылы табиғи өнімнің күрделі имитацияларын жасайды.

Фальсификатты анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің бірі – бұл құрғақ заттар. Құрамында шырыны бар сусындардағы еритін құрғақ заттар көмірсулар, негізінен қант болып табылады. Еритін құрғақ заттардың құрамын тексеру, құрамында шырыны бар сусындардың сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Біздің зертханада құрамында шырыны бар сусындардағы еритін құрғақ заттарды сахароз бойынша рефрактометриялық әдіспен талдау арқылы тұрақты бақылау жүзеге асырылады. Әдіс зерттелетін ерітіндінің сыну көрсеткішін анықтауға негізделген.