ЖРВИ алдын алу

ЖРВИ даму себебінің 2 факторы бар: ағзаға вирустық инфекцияның түсуі және иммунитеттің әлсіреуі. Сондықтан ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары 2 санатқа бөлінеді – спецификалық және спецификалық емес. Тұмау мен ЖРВИ-дің спецификалық алдын алу дегеніміз тұмау мен ЖРВИ вирустарын жұқтыруды шектеуге бағытталған іс-шаралар. Спецификалық емес алдын алу дегеніміз – әр түрлі респираторлық аурулардың таралуын болдырмау бойынша жалпы шараларды қамтиды.

Спецификалық алдын алу.

– Тұмауға қарсы иммунизация эпидемиялық маусым басталар алдында жүргізіледі, оңтайлы мерзім қыркүйек-қараша айлары. Инфекцияның эпидемиялық таралуы басталған кезде адамда енгізілген препаратқа иммундық жауап қалыптасуы үшін жүргізіледі. Вакцинациядан кейін егілген адам ағзасында 12-15 күннен кейін антиденелер пайда болады, иммунитет жыл бойы сақталады. Тұмауға қарсы вакциналар әр маусым сайын жасалады, олардың құрамына тұмау вирустарының өзекті штаммдары (3-тен кем емес) кіреді, олардың айналымын жыл сайын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы болжайды.

– Вирусқа қарсы препараттар тұмау ауруының бастапқы кезеңінде қолдануға арналған. Олар вируспен күресуге көмектеседі және ауру уақытын қысқартады. Егер тұмауды жұқтыру ықтималдығы жоғары болған жағдайда, олардың көмегімен тұмаудың алдын алу жағдайы ақталуы мүмкін (мысалы, отбасында тұмаумен ауыратын адам болған жағдайда), және де оның өзі де қысқа мерзімге болуы мүмкін.

Спецификалық емес алдын алу.

ЖРВИ мен тұмаудың спецификалық емес алдын алу дегеніміз – иммунитетті нығайтуға және вирустарды жұқтырудың алдын алуға бағытталған шаралар.

Иммунитетті нығайту үшін қажетті шаралар:

күнделікті 500 граммнан кем емес көкөністер мен жемістерді жеу, пайдаланатын сапалы және теңгерімді тамақтану. Витаминдердің ең көп кездесетіні ол – жидектер (әсіресе мүкжидек және итбүрдірген), бал, итмұрын, алоэ, цитрусты жемістер;

оңтайлы қозғалыс белсенділігі, дене шынықтырумен айналысу, ағзаны шынықтыру;

– 7-8 сағаттан кем емес, сау ұйқы;

– стреске төзімділікті дамыту, стерстік жағдайлар иммунитетті бұзады;

– дененің салқындауына жол бермеу (әсіресе аяқтарыңызды);

– дәрігердің тағайындауынсыз және қатты қаже болмаса, әр түрлі дәрілік препараттарды қолданбау;

– мол су ішу.

Әсіресе эпидемия кезеңінде және суық тигізу мүмкіндігі бар кезеңде вирустарды жұқтырудың алдын алу жөніндегі шаралар:

– адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу (дүкендер, базарлар, қоғамдық орындар, қоғамдық көлік);

– ауру адамдармен жақын қатынаспауға тырысу;

– эпидемия кезінде қоғамдық орындарда медициналық маска кию (оны әр 2-3 сағат сайын ауыстыру қажет);

– көшеден келген соң қолды сабынмен жуу, мұрын мен тамақты тұз ерітіндісімен (теңіз тұзы негізіндегі стерильді тұз ерітінділері дәріханада сатылады) немесе әлсіз сода ерітіндісімен жуу;

– адамның қоғамдық орындарда киіп жүрген барлық киімдерін, әсіресе эпидемия кезінде үнемі жуып отыру керек, өйткені вирустар заттарды ұзақ уақыт сақтауы мүмкін;

– тұмау басталған кезде тек бір реттік орамалдарды қолдану;

– тұрғын үй гигиенасын сақтау – аптасына кемінде 2 рет дезинфекциялық ерітінділермен үнемі ылғалды тазалау және үнемі желдету үйді инфекциядан қорғауға көмектеседі;

– ЖРВИ немесе тұмаудың алғашқы белгілерін байқаған кезде дәрігерге бару.