Тұрғын үй-жайлардағы зең: себептері мен онымен күресу құралдары

Адамдардың денсаулығына экономикалық нұқсан және зиян келтіретін, барлық жерде кездесетін зең деген нәрсе бар. Зең тек азық-түліктерде ғана емес, құрылыс материалдарында, жиһаздарда да өсе алады, сондай-ақ ол кез келген экстремалды жағдайларда аман қалуы мүмкін. Сәулелендіру әсерінен зең агрессивті болады. Бірақ, ең қауіптісі – ол зеңнің споралары, олар адамдағы жұқпалы және аллергиялық ауруларының даму қаупінің факторы болуы мүмкін. Олардың пайда болуының негізгі себебі жоғары ылғалдылық, нашар желдету, конденсат, бөлмедегі ауа айналымының бұзылуы болып табылады. Саңырауқұлақтың дамуы кезінде ауаға мыңдаған спораларды бөліп шығарады ал олар өкпеге, бронхқа, мұрын жұтқыншағына, теріге түсуі мүмкін. Ішке түскен кезде олар ринит, фарингит, өкпенің қабыну симптомдары, бронхиттер, астматикалық ұстамалар тудырады, сондай-ақ тіндердің қауіпті уытты некрозын тудыруы мүмкін.

Мысалы, біздің үйлерде болуы мүмкін зең саңырауқұлақтарының бірнеше түрлері болады, мысалға:

– ақ зең көбінесе гүл отырғызылған ыдыстарда, шамадан тыс ылғалдандыру немесе белгілі бір тыңайтқыштарды пайдаланудың әсерінен реакция ретінде пайда болады. Адамға әсері аллергия ретінде көрінуі мүмкін;
– жасыл зең негізінен азық-түлік өнімдерінде пайда болуы мүмкін: зең жайлаған тағамды тұтыну ауыр ауруларға әкелуі мүмкін;
– қара зең – бұл құрылыс материалдарының, қабырғалар мен тұсқағаздардың және т. б. кез келген бетін зақымдауы мүмкін зеңнің ең көп таралған түрі. Содан кейін ұйқысыздық, бас айналу, температураның жоғарылауы, бас ауруы, демікпе, бронхит, дерматит, пневмония және тіпті өкпе обыры тудыруы да мүмкін;
– көк зең әдетте паркеттің, жақтаудың, жиһаздың және т.б. ағаш бетінде пайда болады. Олар кір көк түске бояла бастайды және бояуы бұзылады.

Бірінші кезекте адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, зеңнің шығу себептерін іздеп және үйдегі зеңді жою бойынша шаралар қабылдауы керек:

– пәтердегі немесе үйдегі барлық ылғалдылық көздерін жою: ағатын крандар, ескі, қапталған құбырларды пластиктен ауыстыру;
– іш киімдерді тіпті балалардың жаялықтары болса да үйде кептіруге болмайды, өйткені буланған ауа көп мөлшерде бөлінеді және қабырғаларға тұрып қалады;
– міндетті түрде жалпы вентиляцияны тексеру және қажет болған жағдайда оны жөндеу, нашар желдетілетін үй-жайларда соратын жабдықтар орнату;
– ылғалды үй-жайлардағы барлық саңылауларды және тесіктерді зеңге қарсы қоспасы бар арнайы силикон пастасымен мұқият жағу ұсынылады;
– егер үй-жайда суық қабырғалар немесе бұрыштар бар болса, оларды жылытып, жақсы гидрооқшаулау керек.

Егер сіз өзіңізде және туыстарыңызда жиі суық тиюді, аллергиялық бронх демікпесін, иммунитеттің төмендегенін байқасаңыз және үйде терезелерден сву ақса, желдету жүйелері нашар жұмыс істесе, онда бөлмедегі, бөлмелердегі ауаны зең саңырауқұлақтарының болуына зерттеу, микроклиматтың көрсеткіштерін тексеру, қажет болған жағдайда желдету жүйелерін тазалау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

Өз денсаулығыңды сақтаңыздар!