Санитарлық – химиялық зерттеулер

Габбасова Гульнара Сайлаубековна,заведующая отделом санитарно-химических исследований
Габбасова Гульнара Сайлаубековна,заведующая отделом санитарно-химических исследований
Тел.: 31-83-93
email: centrexpert@cseemc.kz

БІЗДІҢ ҰЖЫМ

ИСО/МЭК 17025-2007 ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША АККРЕДИТАЦИЯ АТТЕСТАТЫ, ҚЫЗМЕТ ТҮРІНЕ АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯ

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК (бұдан әрі − Орталық) аккредиттелген 30 зертхананың қатарында, жүргізілетін сынақтардың дұрыстығын бағалауға және зертханааралық салыстыру сынақтарына  (ЗАСС) қатысып, сәтті өткенін растайтын сертификаттар алды. Зертханалардың құзыреттілігін бағалайтын халықаралық CONTEST (LQC Ұлыбритания) компаниясының шақыруы бойынша Орталық топырақтағы ауыр металдарды зерттеу жөніндегі ЗАСС қатысты, сондай-ақ бұл сынаққа 45 елдің сынақ зертханалары қатысқан болатын.

Орталық ҚР нормативтік құжаттарына, халықаралық стандарттарға, Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес сынақтардың аккредитация алынған салалары бойынша заңды және жеке тұлғаларға бекітілген прейскурант негізінде ақылы қызметтер көрсетеді.

КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРІ БОЙЫНША

АККРЕДИТАЦИЯ САЛАСЫНА ҚОСЫМША:

  • КО ТР 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы»
  • КО ТР 009/2011 «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы»
  • КО ТР 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»
  • КО ТР 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»
  • КО ТР 015/2011 «Дәннің қауіпсіздігі туралы»
  • КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»
  • КО ТР 023/2011 «Жемістер мен көкеністерден жасалған шырын өнімдеріне техникалық регламент»
  • КО ТР 024/2011 «Май өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»

Зерттеулер білікті мамандармен дәлдігі жоғары зертханалық жабдықтарда жүргізіледі.

Орталық жоғары технологиялық аналитикалық жабдықтарымен жабдықталған:

«Contr AA 700» атомды-абсорбционды кешен

Концентрация деңгейі 0,01 мкг/л-ден басталатын 50-ден астам элементтерді анықтауға арналған.

Экологиялық нысандар: табиғи және ағынды суларға, топыраққа, өсімдіктерге, биологиялық тіндерге, сұйықтықтарға, жемшөптерге, тамақ өнімдеріне зерттеулер жүргізіледі.

Парфюмерлік-косметикалық құралдар мен ауыз қуысының гигиенасына арналған құралдар, тұрмыстық химия тауарлары, ойыншықтардың құрамында қорғасын, кадмий, сынап, мышьяк, хром және т.б. сияқты ауыр металдардың болуына зерттеулер жүргізіледі.

 

Диодты-матрицалық сканерлейтін, Agilent 6460 QQQ масс-спектрометриялық үштік квадруполі бар Agilent UHPLC 1290 тиімділігі жоғары сұйықтық хроматография жүйесі және детекторлары бар масс-спектрометриялық уақыт аралықты Agilent 6230 Q-TOF

Үштік квадруполы бар өнімділігі жоғары Agilent 6460 QQQ  МСД әртүрлі елдерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен нормаланатын ең күрделі матрицалардағы мақсатты заттарды, күтілетін, белгілі заттардың іздерінің сандарына сандық жоғары сезімталдықты талдау жүргізуге арналған.

Жоғары жылдамдықты уақыт аралық Agilent 6230 TOF  МСД тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау үшін зертханада, қоршаған орта объектілерінде және сот-медициналық сараптама зертханаларында талдау жүргізу кезінде, белгісіз заттарды сәйкестендіруге, скриннинг жасауға және брутто-формулаларды анықтауға арналған.

TOF ұсынған белгісіз химиялық қосылыстардың құрамы туралы мәліметтерді үштік квадруполы бар МСД көмегімен алынған молекулалардың құрамын зерттеу нәтижелерімен толықтырады, растайды және нақтылайды. Бұл ретте, Ультра-ТЖСХ Agilent UHPLC 1290  жүйесінің конструкциясы екі детекторды бір мезгілде немесе олардың кез келгенін оператордың қалауы бойынша іске қосуға мүмкіндік береді. Орталықта детекторлардың бір мезгілде жұмыс істеуінің артықшылығы бұрын белгісіз болып келген үлгілерді талдауды орындаудың жеделдігі болып табылады.

Тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматография әдісімен және ажыратымдылығы жоғары гибридті масс-спектрометриялық детекция әдісімен (атмосфералық қысым кезіндегі химиялық немесе фото-ионизация, электрлі тозаңдандыратын ионизация) сынама компоненттерін алдын ала бөле отырып, органикалық заттарға ажыратымдылығы жоғары тандемді квадрупольдік уақыт аралық масс-спектрометрде суда және органикалық еріткіштерде еритін ұшпайтын және термолабильді заттарды анықтау және сандық талдау жүргізіледі. Сондай-ақ суда және органикалық еріткіштерде еритін органикалық қосылыстарды (липидтер, май қышқылдарының эфирлері, майда еритін витаминдер, алкилбензолдар, фенолдар, суда еритін витаминдер, антибиотиктер, пестицидтер, микотоксиндер, бояғыштар, консерванттар, бензапирен, гистамин, меломин, полициклді хош иісті көмірсутектер, органикалық қышқылдар, су және органикалық еріткіштерде еритін гидроксиқышқылдар, аминдер, карбонилді қосылыстар, қант, олигонуклеотидтер, спирттер, гликольдер, гликопротеидтер, азоттың төрттік тұздары, полиаминдер, пептидтер, ақуыздар, химиялық заттар) анықтауға мүмкіндік беретін айналымды-фазалық хроматография жүргізіледі.

«Agilent» 7890 7000 үштік квадрупольді газды хромато-масс-спектрометр Зерттеулер жүргізіледі:

Тамақ өндірісі

– тамақ өнімдерінің, оның ішінде нан өнімдері, қант, өсімдік және жануар майы, балық өнімдері, консервілер және т.б. сапасы мен олардың қауіпсіздігі (құрамында токсиканттардың болуы)

– спирттік сусындардағы уытты қоспалардың болуы, шарап пен шарап материалдарындағы этанол мен органикалық қышқылдардың болуы

– өсімдік майы мен жануар майларының сапалық құрамы

– тамақ өнімдеріндегі пестицидтердің микроқоспалары

– тамақ өнімдеріндегі органикалық қышқылдар

Ауыл шаруашылығы

– өсімдіктерді қорғайтын пестицидтердің және басқа да құралдардың құрамын талдау

– топырақта, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің құрамында пестицидтердің, гербицидтердің және басқа да токсиканттардың болуын тексеру

Парфюмерия және косметикалық құралдар

–  парфюмерлік өнімдегі және бастапқы шикізаттағы уытты қоспалардың болуын талдау

– эфир майлары мен хош иісті заттардың құрамын талдау

– этанол және басқа спирттердің болуын талдау

Темекі өндірісі

– темекі өндірісінің сапалық құрамы

– пестицидтердің қалдық саны

Фармацевтика

– дәрілік препараттардың, ББҚ мен бастапқы шикізаттардың сапасы мен құрамын талдау, улы қоспалардың, еріткіштердің болуын тексеру

Экология

– ауыз су және ағынды сулардағы пестицидтер, көмірсутектер, хлорлы органикалық қосылыстар және т. б. микроқоспалар

– топырақтағы зиянды экотоксиканттар

– ауадағы хладондар

– қоршаған орта объектілеріндегі диоксиндер, фенолдар, пестицидтер және басқа да ұшпа органикалық қосылыстар

Сыртқы орта объектілеріндегі радонды анықтауға арналған жабдықтар жиынтығы бар “Мультирад БГ” бета-гамма спектрометриялық кешені

Орталықтың радиациялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын және радиологиялық көрсеткіштер бойынша санитариялық нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестігін бақылау үшін қажетті жабдықтары мен нормативтік-әдістемелік құжаттамасы бар және мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • гамма сәулелену дозасының қуатын өлшей отырып, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды радиациялық-гигиеналық тексеру;
  • құрылыс материалдары мен кен орындарында өндірілетін бұйымдардағы (қиыршықтас, құм, қиыршық тас, цемент және кірпіш шикізаты және т. б.), құрылыс материалдарын (күл, қож және т. б.), сондай-ақ минералды шикізат пен құрамында табиғи радионуклидтер жоғары материалдар дайындау үшін пайдаланылатын өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарындағы табиғи радионуклидтердің тиімді үлестік белсенділігін өлшеу (циркон концентраты және т. б.);
  • бета – сәуле шығаратын нуклидтердің жиынтық белсенділігін және альфа – сәуле шығаратын нуклидтердің жиынтық белсенділігін өлшеу, радий – 226, радон – 222, полоний – 210, қорғасын – 210, уран – 234, 238, торий – 232, 230, 228, плутоний – 239 + 240, 238, цезий – 137, су сынамаларындағы стронций – 90;
  • қоршаған орта, тамақ өнімдері, дәрілік шикізат және басқа да өнім түрлерін өндіру, өңдеу және шығару процесінде алынған сынамалардағы гамма – және бета – сәулелі нуклидтерді сапалық және сандық талдау;
  • альфа бөлшектері ағынының тығыздығын және бета бөлшектері ағынының тығыздығын өлшеу;
  • рентген және гамма – сәулелену көздері болып табылатын аспаптар мен қондырғыларды пайдаланатын жұмыс орындарынды, аралас орынжайларды радиациялық-гигиеналық тексеру;
  • рентген аппаратын пайдалану кезінде дозалар қуатының шамаларының тиімді дозасының рұқсат етілген қуатының мәндеріне сәйкестігін анықтау мақсатында медициналық рентген кабинеттерін радиациялық бақылау;

УМФ-2000 шағын белсенділіктерді өлшеуге арналған альфа-бета радиометр

Табиғи сулардағы (тұщы және минералданған) радионуклидтердің альфа-бета өлшемдерінің жиынтық белсенділігіне өлшемдер жүргізіледі.

Автоматты энологиялық анализатор Y-15

Y15 – зертханаларға арнайы жасалған анализатор. Талданатын өнімнің түріне қарамастан (шараптар мен спирттер, ликерлер, жарқыраған немесе тәтті шараптар, сыра, эль және т.б.), бұл құрылғы пайдаланушыны сенімді және дәл нәтижелермен қамтамасыз етеді.

Шарап пен шарап сусындарының құрамына келесі көрсеткіштер бойынша талдау жасалады:

  • Glucose/Fructose (глюкоза/фруктоза);
  • D-Lactic Acid (D-сүт қышқылы);
  • L-Lactic Acid (L- сүт қышқылы);
  • Malic Acid (алма қышқылы);
  • Total Sulfite (құрамындағы сульфиттердің жалпы болуы);
  • Primary Amino Nitrogen (амино топтардың бастапқы азоты);
  • Tartaric Acid (шарап қышқылы);
  • Amonia (аммиак);
  • Acetic Acid (сірке қышқылы);
  • Gluconic acid (глюкон қышқылы);
  • Glycerol (глицерин);
  • Free sulfite (бос сульфиттар);
  • Copper (мыс).

АТ-05 уыттылық анализаторы

Анализатордың жұмыс принципі шәует суспензиясының микроскопиялық бейнелерінің автоматты компьютерлік анализіне негізделген. Анализатор сертификатталған және өлшеу құралдарының тізіліміне енгізілген.

АТ-05 бейнелік анализаторда медициналық бұйымдардың; полимерлік материалдар мен бұйымдардың; тұрмыстық химия тауарларының; парфюмерлік-косметикалық өнімдердің; киімнің, спирттер мен арақтардың уыттылығының; су сынамаларының; әртүрлі қалдықтардың уыттылығын зерттеуге бағалау жүргізіледі.

VARIAN CP 3800 газды хроматограф

Құрамында спирті бар өнімдердегі уытты микроқоспаларды анықтау, спирттер мен арақтардың түпнұсқалығын анықтау бойынша зерттеулер жүргізіледі.

Epsilon 1 PANalytical портативті энергодисперсионды рентген флюорисцентті спектрометр

F ден бастап U дейінгі химиялық құрамға скрининг жасауға арналған жабдық.

Аспапта тұрмыстық материалдарға, тамақ өнімдеріне, құрылыс материалдарының үлгілеріне цирконий, қорғасын, стронций, күшән, сүрме, мырыш және т.б. сияқты ауыр және уыттылығы жоғары металдардың іздері болуына талдау жүргізіледі.

Жылжымалы зертхана

Қоршаған орта объектілеріне жедел бақылау және мониторинг жасау мақсатында Орталық зертханасында жылжымалы зертхана құрылды.

Автокөлік су, топырақ, азық-түлік және ауа сапасын анықтау үшін аспаптар мен қосалқы жабдықтарды орналастыру және тасымалдау үшін қайта жабдықталған. Автокөлік тіршілікті қамтамасыз ету жүйесімен, оператордың жұмыс орнымен, сыртқа тартатын желдеткіш жүйесімен және жуғышпен, аспаптарды, шығыс материалдарын, қосалқы жабдықтарды тасымалдауға арналған тіреулермен жабдықталған.

Жылжымалы зертхананың мүмкіндіктері Agilent 5975T LTM-GC/MS мобильді хромато-масс-спектрометрінің арқасында біршама өсті. Бүгінгі таңда бұл құрылғы дала жағдайында жоғары өнімділік пен жылдам талдау жасауды қамтамасыз ете алады. Agilent 5975 TLC MMC/MS әртүрлі салаларда зерттелген көптеген қосылыстарды тез анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер базасымен жабдықталған:

– полиароматикалық көмірсутектер

– хош иістендіргіштер

– ұшпа органикалық қосылыстар

– полихлорланған диоксиндер

– жартылай ұшпа органикалық қосылыстар

– пестицидтер және эндокринді бүлдірушілер

– қауіпті химикаттар

– улайтын заттар

– есірткі заттар

Жұмыс орындарындағы санитарлықгигиеналық параметрлерді өлшеу

Негізгі санитарлық-гигиеналық параметрлерге жататындар:

  • Шу
  • Вибрация
  • Жарықтандыру
  • Химиялық факторлар
  • Тозаңдылық
  • Радио белсенділік және басқалары
  • Электромагнитті сәулелендіру
  • Микроклимат

Шу – Орталық мамандары заманауи жабдықтардың көмегімен жұмыс орындарында сапалы және жылдам өлшеулер жүргізеді: шу деңгейін, октавалық немесе үшінші октавалық жолақтардағы дыбыс қысымының деңгейін, дыбыстың баламалы деңгейлерін өлшейді. Жүргізілген жұмыстар аяқталғаннан кейін өлшеу хаттамалары жасалады.

Вибрация – дірілді өлшеу қажетті процедура, өйткені діріл адамға теріс әсер ететін факторларға жатады. Дірілді өлшеу түрлі көздерден жүргізіледі.

Жарықтандыру – жарықтандыруды бақылау нашар жарықтандырудың адам денсаулығына тигізетін теріс әсерінің салдарларынан қорғау мақсатында жүргізіледі.

Электромагниттік сәулелендіру − электромагниттік сәулелендіру көздері адам жүретін жерлердің барлық жерлерінде кездеседі: өнеркәсіптік қондырғылар, компьютерлер, ноутбуктер, ұялы телефондар, ауа сорғыштар. Орталық мамандары барлық аспаптардың, қондырғылардың сәуле шығару деңгейін өлшеу үшін қажетті өлшемдерді жүргізеді.

Микроклимат – микроклиматтық көрсеткіштерге температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, қоршау конструкцияларының, заттардың, жабдықтардың беттерінің температурасы жатады. Орталық мамандары өндірістік және кеңсе орынжайларының микроклиматының жағдайын объективті бағалап, өлшеу хаттамасын жасайды.

Өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторларын өлшеу кезінде біз ең заманауи құралдарды қолданамыз.

Зертхана өндірістік орта мен еңбек процесінің кез келген зиянды факторларына зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Бізде қызмет жасайтын  барлық қызметкерлердің білімі жоғары.

Желдетудің тиімділігін өлшеу

Желдетудің тиімділігін өлшеу − жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен қауіпсіздіктің сәйкестігін зерттеу және бақылау шараларының бірі болып табылады. Санитарлық заңнаманың талаптарына сәйкес желдетудің тиімділігін тексеру үнемі жүргізіліп отыру керек. Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің (ЕҚСЖ) талаптарын сақтамау жұмыс жағдайларының нашарлауына алып келеді, мұның салдары қызметкерлердің денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігіне зиянды әсер етуі мүмкін.

Желдетудің тиімділігіне анализ жасау процесінде келесі өлшеулер жүргізіледі:

  • ауа алмасуының қарқындылығы;
  • ауа ағынының құрылымы;
  • ластаушы заттарды жою сапасы.

Механикалық желдетуді аспаптық тексеруге келесі өлшеулер қамтулуы мүмкін:

  • Барлық ағын және сору жүйелерінің өнімділігін өлшеу;
  • жабық жерлердегі аралық жерлердегі, жергілікті ауаны соруға арналған  саңылауларындағы,  есік, көлік және монтаждалатын ойықтарындағы ауа жылдамдығын өлшеу;
  • желдету жүйесі немесе ауаны жылыту жүйелері арқылы жеткізілетін ауаның температурасын өлшеу;
  • желдету жүйелерінің элементтері шығаратын шу мен дірілді өлшеу.

Біздің мамандарымыз заманауи жабдықтардың көмегімен сіздің кәсіпорыныңыздағы желдету жүйесінің тиімділігін өлшейді және желдету жүйесінің сапасына объективті баға береді.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 31-83-93 телефонына хабарласыңыз