Cанитарлы-бактериологиялы зерттеулер

Жусупова Баян Кабдигалимовна, заведующая отделом санитарно-бактериологических исследований
Жусупова Баян Кабдигалимовна, заведующая отделом санитарно-бактериологических исследований
Тел.: 31-81-74
Email: centrexpert@cseemc.kz

ҚР ПІБ МО «СЭСО» РМК-нің бактериологиялық зертханасы зерттеулердің келесі түрлерін орындайды:

Клиникалық-диагностикалық зерттеулер

  • патогенді ішек аурулары тобына зерттеулер (дизентерия, сальмонеллез, шартты-патогенді флора);
  • коли-патогенді аурулар тобына зерттеулер;
  • дифтерияға тексеру;
  • стафилококқа тексеру;
  • науқастардан алынған материалдардың (қақырық, жұтқыншақтан, мұрыннан, құлақтан вагинадан жағындылардың, өт, жара ішінен алынған заттың, несеп, қуықасты безінен бөлінетін заттың, емшек сүті, конъюктивиттің) флорасын зерттеу және антибиотиктерге сезімталдығын тексеру;
  • қанды стерильдікке тексеру;
  • қанды гемокультураларға тексеру;
  • зең және ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарға тексеру;
  • дисбактериозға тексеру;

зерттеулер классикалық зерттеу әдістерін, сондай-ақ заманауи жабдықтарды қолдана отырып жүргізіледі.

Санитарлық– эпидемиологиялық зерттеулер:

  • ауыз суды мембраналық фильтрация әдісімен зерттеу;
  • ыдыстарға құйылған ауыз суды, минералды табиғи және жасанды минералдандырылған суларды зерттеу;
  • суға түсетін-жүзетін бассейндердегі суды зерттеу;
  • суды патогенді микрофлораға зерттеу;
  • жер үсті су қоймаларының суын зерттеу;
  • шайындыларды ІТТБ зерттеу;
  • шайындыларды патогенді флораға тексеру;
  • шайындыларды стафилококқа тексеру;
  • материалдың стерильдігін анықтау сараптамасы;
  • тігіс және таңу материалдарын стерильділікке тексеру;
  • ауаны зерттеу;
  • тамақ өнімдерін зерттеу;
  • азық-түлік шикізаттарын зерттеу;
  • алкогольсіз сусындарды зерттеу;
  • консервілерді өндірістік стерильділікке тексеру;
  • дәріханалық дәрілік формаларды тексеру;
  • дәріхана ыдыстарын тексеру.

ҚР ПІБ “СЭСО” РМК-нің бактериологиялық зертханасы ҚР СТ 17025:2007 стандарты бойынша Ұлттық аккредиттеу орталығымен аккредиттелген .

Клиникалық-диагностикалық зерттеулерді осы мамандық бойынша біліктілік санаттарына ие, сондай-ақ мерзім сайын елімізде, шетелде өз біліктілігін арттыру үшін біліктілікті арттыру курстарын бітірген білікті персонал жүргізеді. Зерттеулер классикалық жалпы қабылданған әдістемелермен де, заманауи жабдықтармен де жүргізіледі, сонымен қатар анықталған микроорганизмдерді нақты және жедел нақтылау үшін және түпкілікті нәтиже беру үшін заманауи тесттерді қолдана отырып, жаңа зерттеу әдістері қолданылады.

Зертхананың орналасқан жері, биоматериалды жалпы қабылданған жеткізу ережелерін ескере отырып, қысқа мерзімде жеткізуді жүзеге асыруға ыңғайлы орналасқан (материалды алып, оны егу уақытының аралығы 2 сағаттан аспайды).

Бұл жағдай клиникалық материалды зерттеу кезінде өте маңызды, өйткені этиологиялық маңызды микроорганизмдердің өсуі, сондай-ақ күтімді талап ететін, аз ғана уақыт өмір сүретін микроорганизмдердің өсім беру мүмкіндігі артады.

Сондай-ақ, бұл жылдың суық мезгілінде де өте маңызды, өсімнің тиімділігі мен тағы да сол микроорганизмнің өміршеңдігімен байланысты микробиологиялық зерттеудің тиімділігін ескере отырып, материалды жеткізуді жеделдету қажет болған кезде өте маңызды.

Стерильді бір реттік пайдаланылатын зертханалық ыдыстар, халықаралық сападағы биоматериалды алуға арналған көліктік орталар, сынаманы ыңғайлы алуға, сондай-ақ алынған биоматериалдағы микроорганизмдердің өміршеңдігін ұзартуға мүмкіндік береді. Зерттеулер үшін пайдаланылатын қоректік орталар халықаралық сапаға сай келеді. Олардың құрамына  микроорганизмдердің көбеюін тездететін өсу қоспалары қосылған.