Боулинг бойынша турнир

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының арасында боулинг бойынша турнир өтті. Турнирға 6 команда қатысты. Турнир нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді

1 орын – «Орталық клиникалық аурухана» АҚ,
2 орын – «ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ауруханасы» РМК
3 орын – «ҚР ПІБ Медициналық орталығы» ММ.

Біздің ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК командасының құрамында төрт ойыншы қатысты. Турнирдің үздік ойыншылары атанғандар: Малаева Марина Анатольевна («Орталық клиникалық аурухана» АҚ) және Тажин Бейбіт Қонысұлы («Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК).