ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы – үстел теннисі бойынша турнирдің жеңімпазы

2018 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының арасында жыл сайын ұйымдастырылатын спорттық сайыстар аясында, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай үстел теннисі бойынша турнир өтті. Медициналық орталығының ведомстволары арасынан турнирге 7 команда қатысты. Турнирдің жеңімпазы және 1 орынға ие болған – «ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ауруханасы» РМК командасы, 2 орын – «Оқ-Жетпес» ЕСК» АҚ және 3 орын – «ҚР ПІБ Медициналық орталығы» ММ иеленді.

Сондай-ақ, турнирдің үздік ойыншылары атанғандар: Кельдиров Базарбай Ермекович («Оқ-Жетпес» ЕСК» АҚ) және Исабаева Алия Мухаметжановна («ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ауруханасы» РМК).

Біздің споршыларды сайыстағы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!