Қандалалар қаптаған кезде үйімізді паразиттерден қалай қорғауға болады?

Қала тұрғындарының пәтерлері мен саяжайлық үйлерде қандалалар жиі кездеседі. Паразиттер ұқыпты әрі таза үй-жайларда да кенеттен, байқаусызда және қайдан келгені белгісіз жаңдайда пайда болуы мүмкін. Сөйтсек, қалаусыз қонақтарды тарақандар әкеледі екен. Таза әрі ұқыпты пәтерлерде қандалалар қайдан шығады және тарақандардың орнына  неге бізге енді қандалалар шабуыл жасады?

Тұрғындар мен коммуналдық қызметкерлер тарақандармен ұзақ уақыт бойы күресіп, нәтижесінде оларды толығымен шығарды. Қазіргі күні қарапайым таза пәтерде тарақандардың кездесуі сирек жағдай. Олар тоқсаныншы жылдары жағдай тұрақсыз, тамақ қалдықтары жеткілікті түрде тазартылмаған кездерде өсіп-өніп көбейген болатын. Міне осы кезде  тарақандар рахат күн кешті десек болады. Үйлер мен пәтерлерде тазалық енгізгеннен кейін, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жәндіктерге өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар болған жоқ сондықтан олар да құрып кетті. Бірақ киелі орын бос болмайды демекші. Тарақандардың орнына қандалалар келді, ал бұлар әрине зиянсыз “үй жануарлары” емес. Қандалалар – қан соратын паразиттер. Бірақ, ең бастысы, олардан тек тазалықты сақтау арқылы ғана құтыла алмайсың.

Олардың үйде бар екенін қалай түсінуге болады?

Егер қолдарыңыз бен аяқтарыңызда қызыл нүктелерден тұратын жолдарды байқасаңыз, олар қабыршықтанып, қышыса, он сіз – қандалалның құрбаны болған сияқтысыз деген сөз. Қандалалар шаққан кезде, олар тері қабатын зақымдайды және қатты тітіркенуді тудырады. Матрастар мен олардың сүйікті жерлерін қарап шығыңыз. Күдікті жағдайды байқасаңыз мамандарды шақырыңыз. Қандалалар күн сайын керемет жылдамдықпен көбейеді. Мәселені қолдан жіберіп алмау керек.

Қандалалардың құрбаны болмау үшін не істеу керек? Сарапшылардың кеңесі.

Шын мағынасында, тек тазалықты сақтау арқылы  олардан құтылу мүмкін емес. Оларды ерте байқап, қорғану үшін ертерек алдын алу керек, ал егер олар сіздің үйіңізді иемденіп алса, әлбетте оларды жою қажет. Төсек жапқыштарды жиі ауыстырып отырыңыз, матрастарды артқы жағынан қарап шығыңыз. Жарық жағылғанда қандалалар тығылып қалады. Бірақ төсек жабдықтарындағы кішкентай қара нүктелер олардың бар екендігінің айғағы.

Егер қолдан жиһаз немесе төсек-орын жабдықтарын, сондай-ақ аяқ киім сатып алсаңыз, алдымен міндетті түрде паразиттердің болуын тексеріп, оларды пайдалануды бастамас бұрын дезинфекциялаңыз. Дезинсекторлар тіпті жаңа жиһазды және матрас сатып алу кезінде оларды үйге алып келуіңіз мүмкін деп мәлімдейді. Сондықтан мұндай жағдайларда  алдын алу шараларын қабылдау артық болмайды. Тігістер мен бүгілген жерлерді мұқият қарап шығыңыз. Егер қара нүктелерді немесе паразиттерді байқасаңыз — сатып алудан бас тартыңыз. Егер паразиттердің көрінетін іздері болмаса, жиһазды тиісті инсектицидтік құралмен өңдеңіз. Ал қаптарды ең жоғары температурада жуыңыз немесе материал мүмкіндік берсе қайнатыңыз. Балконға аязға шығарғаннан пайда жоқ, қандалалар әлдебір ұйқыға кеткендей күйге енеді де, ал жылы жерге кіргенде қайтадан “тіріледі”.

Егер қандалалардың қаптағанын байқасаңыз дезинсекция жасайтын мамандарды шақыртқаныңыз дұрыс болады.